
Мәдениет күні аясында Павлодар делегациясы облыс әкімі Болат Бақауовпен бірге Баянауыл ауданының тарихи және археологиялық жерлерінде болып қайтты.
Экспедиция ең алдымен әкімшілік лауазымдарда болған орта жүздің атақты биі – Шоң бидің қыстағынан басталды. Қазақ жерінде хандықты сақтап қалумен күрескен ол «Төртуыл» одағын құрды. Шоң би Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленген.
Кейін делегация Шоң бидің ұрпағы, тұңғыш қазақ кинорежиссері, Қазақстан киноиндустриясының негізін қалаушы Шәкен Аймановтың туған жеріне барды. Содан кейін 1993 жылы ақынның туғанына 100 жыл толуына орай зиратының үстінде салынған Сұлтанмахмұт Торайғыров кесенесін тамашалады.


Бұл киелі орыннан кейін Баянауылдың археологиялық ескерткіші «Мұртты қорғанға» барды. Археологиялық-этнологиялық және палеонтологиялық зерттеулер ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Смағұловтың айтуынша, аталған сирек кездесетін тарихи ескерткіш темір дәуіріне жатады, сондай-ақ 2,5 мың жылдық тарихы бар діни объект.

Одан соң Торайғыр ауылындағы бұлаққа барып, қола дәуіріндегі мазарларды көріп қайтты. Бұл жер ғалымдардың пікірінше, патшалар мен көсемдер жерленген сақтардың археологиялық ескерткіші ғана емес, сондай-ақ, жерлеу рәсімдері жүргізіліп, дұғалар оқылған киелі жер болып табылады.
Бұдан кейін делегация академик Шапық Шөкиннің туған жеріне барды. Ол 1912 жылы Баянауыл ауданында туған және Қазақстандағы энергетикалық ғылымның негізін қалаған. Шапық Шөкин – техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР ҒА академигі (1954), ҚР ИА құрметті мүшесі.

Сонымен қатар, Данатас пен Кемпіртас шыңдары да экспедиция жасау тізіміне енді. Данатас шыңы халық арасында «дарындылар шыңы» деп аталады. Шың Баянауыл атақты адамдарының бейнелерімен ерекшеленеді. Адамдар оның етегінде өзінің дарынды болуын тілеген. Аңыздарға сүйенсек, шың керісінше жаман адамдардың дарындарын өзіне тартып алады. Кемпіртас шыңы туристер арасында көп баратын объектілердің бірі болып табылады. Шың бір жағынан ашулы кемпірдің түріне (Жалмауыз кемпірге), ал басқа жағынан қарағанда, мейірімді кыздың түріне ұқсайды.

Қонақтар Жасыбай көлі жағасындағы Абылай хан ордасын да тамашалады.1733 жылы Абылай сұлтанды Орта жүздің ханы етіп тағайындап, Сабындыкөл көлінің жағасында ақ киізге отырғызып құрмет көрсеткен.
Кейін 1915 жылы Баянауыл ауданында туған академик Ермахан Бекмахановтың туған жеріне барды. Бекмаханов атақты тарихшы, Қазақстан тарих ғылымының алғашқы докторы, профессор, академик.

Жасыбай көлінің орталық жағажайында қонақтарға Жасыбай көлінің жағасында жазғы маусымда өтетін елеулі және спорттық іс-шаралармен таныстырды. Бұдан кейін қонақтар жоңғарлармен күрескен, аты аңызға айналған қазақ батыры Жасыбайдың зиратына барды. Ол қазақ жері үшін жауға қарсы тұрып, халқы үшін жанын пида еткен. Оның ерлігін халқы ұмытпай, есте мәңгі сақтайды. Баянтау тауындағы асуды «Жасыбай асуы», сондай-ақ, көлді де «Жасыбай көлі» деп атайды. Атақты ғалым Шоқан Уәлиханов та өз зерттеулерінде Жасыбай зиратына тоқталып өткен.
Экспедиция Қарағанды тас жолының айырығында Сабындыкөл көлінің солтүстік-шығыс жағасында Баянауыл ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай жарты шақырымда орналасқан Сабындыкөл ІІІ қорығында аяқталды. Қонақтар Сабындыкөл көлінің жағасында болып қайтты.

Экспедиция өткен маршрут бойынша туристтерге арналған карта жасалынды. Енді барлық туристтер бұл картаны қолдана отыра Баянауылдың тарихи және археологиялық жерлерін жаяу және ат үстінде аралауға мүмкіндік алады.