
Облыс әкімі Болат Бақауовтың польшалық «Grupa Kety» компаниясы бас директорының орынбасары Петр Высоцкимен кездесуі барысында «Павлодар» арнайы экономикалық аймағында алюминий бағаналарын шығаруға ниет білдіргені анықталды.
Кездесу барысында «Grupa Kety» компаниясының өкілдері шет елдермен жұмыс жасау тәжірибесінің бар екеніне, зауыттарының Словения мен Украинада жұмыс істейтіндігіне тоқталды. Қазіргі уақытта алюминий өндірісімен айналысатын компания жылына 80 тонна қоспалы алюминийді дайындап, он мемлекетке экспорттайды.

– Павлодарда алюминий бағаналарын шығару ойда бар, біз оны шикізат ретінде қолданамыз. Еуропада нарық бар, бірақ бізде сондай өнеркәсіп болу үшін қуат жеткіліксіз. Барлығы біздің өзара экономикалық есебімізге байланысты,- деп атап өтті Петр Высоцки.
«Grupa Kety» компаниясының басшылығы «Giessenhaus» ЖШС айналысатын қоспалы алюминий жобасын іске қосқанын күтуде.
Кездесу соңында Болат Бақауов польшалық компанияларды арнайы экономикалық аймаққа шақырып, барынша қажетті көмек көрсететіндігін айтты.