Облыс әкімінің дарынды балаларға арналған кеші

Облыс әкімінің дарынды балаларға арналған кеші

«Крендель» Банкет-Холлында 2017 жылғы 2 маусым күні өткізілген облыс әкімінің дарынды балаларға арналған кешіне халықаралық және республикалық олимпиадаларының 59 жеңімпаздары мен жүлдегерлері және оларды дайындаған белгілі ұстаздар қатысты.

Ресторан холлындағы қыздардың әсем көйлектері мен ер балалардың смокингтері, оқушылардың вальсы ерекше әсер беріп, нақты би кешінің атмосферасын туғызды.

Кездесу қатысушыларына арналған сөзінде Павлодар облысының әкімі Болат Бакауов барлықтарын жоғары жетістіктерімен құттықтап, біздің қоғамда осы балалардың таланттары мен қабілеттері талап етіледі деген сеніммен, оқушыларға өз елінің патриоттары болуға тілек білдірді. Облыс басшысының жеке алғысы ата-аналар мен ұстаздарға арналды.

Салтанатты жиын барысында оқушылар облыс әкімінің атынан «Дарын-2017» белгісі және арнайы сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дайындаған ұстаздар облыс әкімінің құттықтау хаттарымен марапатталып, білім беру қызметкерлері облыстық кәсіподақ ұйымының демалыс жолдамаларына ие болды.

Оқушылар тарапынан алғысты республикалық пән олимпиадасының жүлдегері Разиков Шерали айтып, облыс әкіміне «Дарын-2017» ескерткіш кітабын сыйға тартты.

Салтанатты жиын мерекелік дастарханмен жалғасты.