Жолың болсын, жас түлек!

Жолың болсын, жас түлек!

– Біздің тарихымыз тағы бір елеулі оқиғамен атап айтсақ, «Астана ЭКСПО 2017» халықаралық көрмесінің өткізілуімен толықты. Бұл көрмеге әрқайсың қатыса аласыңдар.  Жас түлектер, енді сендерді алдарыңда үлкен өмір жолы күтіп тұр. Сендердің жарқын болашақтарың үшін ата-аналарың мен ұстаздарың барлығын істеді. Қазіргі уақытта жан-жақты дамуға, кәсіби сапалы білім алуға жағдайлар жасалған. Таңдау сендердің қолдарыңда! Сендер еліміздің беделді азаматтары болатындарыңа сенімдімін,  – деді облыс әкімі.

Облыс әкімі мұғалімдердің елеулі еңбектеріне алғыс білдіріп, зор денсаулық пен шығармашылық табыс тіледі. Сондай-ақ жан-жақты қолдау көрсетіп, баласының әр қадамына алаңдайтын ата-аналардың да еңбектерін ерекше атап өтті. Болат Бақауов үздік бітірген 60 түлекті айрықша құттықтап, “Алтын белгі” белгісімен марапаттап, жаңа ноутбуктерді сыйға тартты.

Жас түлектерді Қазақстан эстрада жұлдыздары Қайрат Нұртас пен Әлішер Кәрімов құттықтап, әсем әнмен шашу шашты.

Кеш мерекелік отшашумен аяқталды.