
Сарапшылардың пікірінше, Баянауылдағы ұшақжолағы кез келген жеңіл авиацияны қабылдауға дайын.
Алғашқы болып Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов жолаушы ретінде екі орындық FK14 Polaris ұшағымен топырақты жолаққа келіп қонды.
Әуе кемесінің командирі Валерий Сибагатулиннің айтуынша, жолақтың сапасы кез келген екі, төрт, алты және сегіз орындық борттың қонуына мүмкіндік береді.
– Аэродром өте жақсы шықты, – дейді пилот-нұсқаушы, Қарағанды авиациялық оқу-жаттығу орталығының емтихан қабылдаушысы. – Мұнда кез келген жеңіл авиация қона алады. Әлбетте, әлі көріктендіру бойынша көптеген жұмыс тындыру қажет. Дегенмен бастапқы іргетасы қаланды деп айтуға болады.
Валерий Сибагатулиннің айтуынша, өзі жұмыс істейтін орталық Баянауылға арнайы ұшқыштарды оқытуға дайын.

Аэродром толығымен шілде айында дайын болады. Мұнда Павлодардан ғана емес, Астана және Қарағанды өңірлерінен де ұшақтар келеді деп күтілуде.