
Тест тапсырудың екі, яғни ақысыз және ақылы нұсқасы бар, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ақсу қалалық ауруханасының бас дәрігері Мақсат Мұқашевтың айтуынша, ПТР-тестті аурухана мен емхананың сүзгісінен тегін алады.
- Жедел респираторлы вирустық инфекцияларға, пневмонияға күдіктілерге мобильді топтар барады. Олардың саны 14-ке жетеді. Олар сондай-ақ жақын байланыста эпидошақтарды өңдейді. Бұл талдау үшін жоспарлы емдеуге жатқызуға дайындалып жатқан немесе шұғыл түрде стационарға түскен адамдар ақы төлемейді,- деді бас дәрігер.
Мақсат Мұқашевтың айтуынша, Ақсу ауылдық жерінде 23 мың адам тұрады. Оларға алты дәрігерлік амбулатория, бес фельдшерлік-акушерлік және он медициналық пункт қызмет көрсетеді.
Ауылдарда Сall-орталық жоқ, тұрғындар тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымға жүгінеді.
Қалалық ауруханада айтылғандай, жалпы практика дәрігері пациенттен жағдайы туралы телефон арқылы сұрайды. Жөтелге, температураға шағым болған кезде ЖҚҚ киген дәрігер науқасты қарап-тексеруге барады және оның жағдайын бағалайды. Ауылдық дәрігер емдеуді тағайындайды немесе қажет болған жағдайда жедел жәрдем шақырады.
COVID-19 талдауын алу үшін ауыл тұрғындарына Ақсудан мобильді топ келеді.
Ақсулықтар күніне 100-150 ПТР-тест тапсырады.
Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияның бар-жоғын ақылы түрде тексеруге болады. Қалалық емхананың үшінші қабатында «Олимп» зертханасы жұмыс істейді. Науқастар 8-ден 12:00-ге дейін қабылданады.
Мұнда антиденелер алынып, жедел тест жасайды. Бұл зертханадағы ПТР-тест тоғыз мың теңге тұрады. Нәтижелерді чекте көрсетілген код сөзінің көмегімен электрондық пошта арқылы немесе жеке кабинетте береді.
Естеріңізге сала кетейік, тестілеуге үш сағат бұрын тамақ және су ішпеу маңызды. Алдын ала жазылудың қажеті жоқ. Науқас жеке куәлігін көрсетеді және сауалнаманы толтырады. Сондай-ақ маска тағып, қашықтықты сақтау керек.
Ақсу тұрғындары COVID-19 ауруының ауырлығын түсінбейді. Қалаға қажетсіз келген және кететін 200-ге жуық адам Ақсу маңында, Павлодар және Май ауданы жағынан орнатылған блок бекеттерден қайтарылды.
Облыстық балалар ауруханасының инфекциялық стационарында Ақсудан келген екі айлық және бес жасар қыздар COVID-19-дан емделуде. Балаларға әкесі қараула, ал анасы жаңа модульдік жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.
Фото: Константин Шелков