Ауыл шаруашылықты қолдау күшейе түсуде

Ауыл шаруашылықты қолдау күшейе түсуде

Павлодар облысының екі ауылдық тұтыну кооперативі Белоруссиядан 20 комбайн алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы облыстық әкімдікте «Гомсельмаш» холдингі өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте анықталды.

Павлодар фермерлері бір ай бұрын жұмыс сапарымен барғанда белоруссияда шығарылатын комбайндарға назар аударған болатын. Нәтижесінде кооператив өкілдері ауылшаруашылық техникасын сатып алуда 25% субсидияландыруды есепке ала отырып, егін жинайтын техниканы сатып алуға дайын. Сондай-ақ 24 шаруашылықтан тұратын «МТС Иртышск-2017» АТК және 7 құрылтайшысы бар «МТС Успен Агро» 10 комбайн сатып алуды жоспарлап отыр.
 
– Егер біз жүйелі түрде жұмыс істейтін болсақ, онда еліміздің Ақмола және Қостанай өңірлері бізді қолдайтын болады, – деді Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов. – Алдағы уақытта алға қойған мақсатымыз орындалған жағдайда паркті жаңарту бағытындағы жұмысымызды жалғастыратын боламыз. Біз үшін бұл өте маңызды, себебі, шағын шаруа қожалықтарына көмек көрсеткіміз келеді.

«Гомсельмаш» өкілдері өз міндеттерін уақытында орындап, Павлодар облысымен одан ары тығыз қарым-қатынас жасайтындарына сенім білдірді.
– Біз тек жеткізіп қана қоймай, ауыл шаруашылық техникасы сервисін қамтамасыз етеміз, себебі, ең бастысы қызмет көрсету деп тегін айтпайды, – деді компанияның сату басқармасының бастығы Дмитрий Афанасьев. – Комбайнның жиынтығы мен төлемі ескертілді.
Сонымен қатар, тараптар «Гомсельмаш» инженерлерінің АТК механизаторларын үйрететіндері туралы келісілді.