Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Тараптар облыстық әкімдікте кездесті. «Kazakh Invest» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Біржан Қанешевтің айтуынша, жақында құрылған компания инвестицияларды тарту бойынша халықаралық тәжірибені зерттеп біліп, енді оны елімізде жүзеге асырмақ. Компания қызметкерлері кез-келген кәсіпкер үшін барлық құжаттарды рәсімдеумен айналысуға дайын. Атап айтқанда, еліміздің әр өңірінде компанияның өз өкілі қызмет көрсететін болады.

– Жер шарын 2 триллионға жуық доллар бос ақша айналымда, сол ақша Қазақстанда болсын десек, жан-жақты жағдай жасауымыз керек, – деді ол. – Бұл оңай іс емес, себебі ондай ақша үшін 500 жуық халықарлық агенттіктер бәсекелесуде және біздің елімізге тегіннен-тегін оны ешкім әкелмейді.  Біз инвестицияны тарту жөніндегі жергілікті агенттіктің кеңсесінде болдық, бұл Қазақстандағы алғашқы тәжірибе екенін айта кету керек. Біздің жобалау кеңсемізге қолдау көрсететін өте тиімді құрылым.  

Сөз кезегінде, кездесуге шикізат тауарларын сатумен және тиісті логистикамен айналысатын «Trafigura» трансұлттық корпорациясының өкілдері де қатысты. Олар инвесторлармен ынтымақтастық жасауда Қазақстан елі ұсынған ұсынысты қолдайтындарын атап өтті.

– Бұл жағдайда барлық мемлекеттік органның негізгі міндеті инвесторларға көмек көрсету, – деді Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов. – Бізге инвесторлар көп келе бермейді, орташа алғанда бір өңірге 10 инвестордан, сондықтан біз оларға жан-жақты қолдау көрсетуіміз қажет.