
Сүтті тапсыру және қайта өңдеу мәселелері бойынша облыстықәкімдікте өткен жиналыста жеке шаруашылықтардан сатып алынатын сүттің 1 литрінің бағасын 80 теңгеге дейін көтеру ұсынылды.
Соңғы деректер бойынша Павлодар облысында сүтті тапсыру бағасы 70 теңгеден аспайды. Ал, көршілес Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында шаруалар өздері әзірлеген сүтті қайта өңдеуші кәсіпорындарға литріне 80 және 100 теңгеден с аудалайды екен.
– Біздің кәсіпорындар жеке шаруалардан литрін 70 теңгеге сатып алған сүтті қайта өңдеп, дайын өнімді екі есе жоғары бағаға сатады, – деді аймақ басшысының орынбасары Бауыржан Қасенов. – Қазіргі кезде жеке шаруашылықтардан сүтті сатып алу бағасы 66 теңге, біз оны 80 теңгеге дейін көтеруді ұсынамыз. Ал сүтті бөлшектеп сату бағасы көтерілмеуітиіс, үйткені, қайта өңдеушілердің сауда үстемесі 60 пайыздан астам.
Жиналысқа қатысқан сүтті қайта өңдейтін кәсіпорындардың өкілдері тапсырылатын сүт пен дайын өнім бағасының арасындағы алшақтықты шикізаттың төмен сапасымен түсіндірді.
– Қосымша құн салығын есепке алғанда біз бірінші сұрыпты сүттің 1 литрін 90 теңгеге сатып аламыз, – деді «Best Milk» ЖШС-ің директоры Марина Рейдина. – Бірінші сұрыпты сүттің майлылығы 3,5%, қышқылдылығы 18% дейін болуы керек. Жеке шаруалар тапсыратын сүттің майлылығы 3,2-3,3%, қышқылдылығы 19-20%. Сондықтан олар тапсыратын шикізаттың 10% түкке жарамсыз болып қалады.
«Молком Павлодар» ЖШС-ің жетекшісі Виталий Михайлов олардың кәсіпорны бұған дейін де шаруаларды сапалы сүт тапсыруға ынталандырғанын атап өтті.
– Біз сегіз ай бойы жеке шаруалардан сүтті 100 теңгеден сатып алып отырдық, – деді ол. – Өкінішке орай, адамдар сүтті тұқымды сиырлардың санын арттыруды қолға алған жоқ. Керісінше, сүттің сапасыы мүлдем нашарлап кетті. Шаруалар оңай олжаға құнығып, сауылған сүтке су қосуды әдетке айналдырды. Біз ең алдымен, жеке меншік секторды сүтті тұтыну мәдениетіне үйретуіміз қажет.
Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов шаруалар тапсыратын сүттің сапасын көтеруге қадам жасау керектігін және бұл іске жергілікті атқарушы органдар да ат салысуы керек деп айтты.
– Жергілікті әкімдер, ауыл шаруашылығы, ветеринария және санитарлық-эпидемиологиялық органдар осы мәселемен тікелей айналысулары керек, – деді аймақ басшысы. – Егер, шаруалар өздері өһндіретін сүтті жоғары бағамен саудалағылар келсе, оның сапасына да мән берулері керек. Қазіргі кезде сүтті тапсыру бағасының төмендігіне байланысты жеке шаруашылықтарда сүт өндіру тиімсіз болып барады. Бұлай жалғаса берсе, шаруалар сүт тапсырудан қалаы. Оларды жоғары бағамен ынталандыру керек. Сондықтан жеке шаруалардан сүтті сатып алу бағасын міндетті түрде көтеру керек.