
Бүгіннен бастап әлеуметтік желіде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми аккаунты іске қосылды
Csec_mz_rk парақшасында хабарланғандай, пайдаланушылар күн сайын қоғамдық денсаулықты сақтау, сондай-ақ азаматтардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы сенімді ақпарат ала алады. Сонымен қатар, әкімшілер техникалық регламенттер, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы айтып береді. Сондай-ақ мониторингтік топтардың рейдтік тексерулерінің қорытындылары орналастырылатын болады.