ҚР Премьер-Министрі Павлодар облысындағы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысы барысымен танысты

ҚР Премьер-Министрі Павлодар облысындағы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысы барысымен танысты

Бақытжан Сағынтаев «Сарыарқа», «Достық» шағын аудандары құрылысының басжоспарымен танысты, онда жалпы 100 га-дан астам ауданда 400 мыңнан астам ш. м. тұрғын үй, 4 балабақша, мектеп, емхана және әлеуметтік және мәдени-спорттық мақсаттағы басқа да нысандар пайдалануға беріледі, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты primeminister.kz.

Облыс орталығында және өңірдің ірі өнеркәсіп орталықтары – Екібастұз және Ақсуда жеке тұрғын үй құрылысын дамыту шаралары қолданылуда. Облыста 2020 жылға дейін барлығы шамамен 437 мың ш. м. жеке тұрғын үй салу жоспарланған.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев облыс орталығының инфрақұрылым нысандарын дамытумен танысты және Ертіс өзенінің үстімен өтетін көпір өткеліне барды. Орталық Азия елдеріндегі ең ірі көпір құрылысы еліміздің Президенті Н. Назарбаевтың тапсырмасымен «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынған. Көпір «Орталық-Шығыс» көлік дәлізінің бір бөлігі болып табылады.

Көпірдің жалпы ұзындығы – 12,3 км, өткізу қабілеті – тәулігіне 10 мың автомобильге дейін. Өткел транзиттік автомобильдер үшін шамамен 40 шақырым қысқартуға мүмкіндік береді.