Павлодар облысы Жібек жолы бойында орналасқан қала ретінде халықаралық ұйымныңқұрамына енген тұңғыш Қазақстанның аймағы атануы мүмкін. Мұндай ұсынысты қауымдастық мүшесі, бас хатшы Раджеш Кумар өңір басшысы Болат Бақауовпен болған кездесу барысында айтты.
Жібек жолы қауымдастығының өкілдері Астанада «Invest in Pavlodar» орталығында болғаннан кейін Павлодар облысын өз көздерімен көру мақсатында келген екен.
– Жібек жолы – сауда мен өзара қарым-қатынастың тарихи бағыты. Географиялық тұрғыда Павлодар өте ыңғайлы орналасқан аймақ. Ресей шекарасы мен Қытайдың маңында жайғасқан өңір. Павлодар облысы Қазақстандағы өнеркәсіптің көшбасшыларының бірі, сондықтан, жергілікті студенттердің шет ел ордаларында білім алып, халықаралық тәжірибе жинауы өте маңызды. Біздің қауымдастыққа әлемдік университеттер кіреді. Біз Павлодар мемлекеттік университетіне Нанкин мемлекеттік университетінде білім алуға бес грант бөлдік, – дейді Раджеш Кумар.

Өз кезегінде Болат Бақауов Жібек жолы қауымдастығына кіруге қуана келісетіндігін айтты. Оған қоса, облыс, әдетте Қытайдың Сиянь қаласында өтетін халықаралық ұйымдардың жыл сайынғы симпозиумын қабылдай алады.