
Лебяжі қарбыздары дүкен сөрелерінде тамыз айының ортасында пайда болады.Бақша шаруашылығының мамандары Лебяжі ауданына жұмыс барысымен барған Павлодар облысының әкіміне жаңа егісті жинау мерзімі мен қарбыз егу барысындағы өзекті мәселелерді атап өтті.
Ресми мәліметтер бойынша, ағымдағы жылы ауданда бақша өнімдері 2,7 мың гектар жерге егілген. Екі аптадан кейін өнімдер жинала бастайды, бірақ Павлодарда қарбызды сату барысында кейбір проблемалар туындайды.
– Қарбызды тек базарларда сата аламыз, – деді фермер. – Адамдарға, сондай-ақ зейнеткерлерге ауыр қарбызды үйлеріне дейін апарау қиынға соғады. Сондықтан үйлерінің жанында сатуды рұқсат етсе бізге де ыңғайлы болатыны сөзсіз.

Бақша мамандары облыс орталығының шағын аудандарында 20 сауда нүктесін беретінін күтуде. Аймақ басшысының айтуынша, аталған мәселе сондай-ақ Екібастұз және Ақсу қалаларында да өз шешімін табады. Сонымен қатар санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының рұқсатынан кейін газгольдер алаңдарында қарбыз сату мүмкіндігі туады.

– Газгольдер орнын тазартып, алаңды қалпына келтіріп, жұмыс істеуге болады, – деді облыс әкімі. – Кез келген жағдайда стихиялық сауда болмас үшін ішкі кварталды абаттандыру ережелерін сақтау қажет, көліктер жеке белгіленген орындарға қойылуы тиіс.

Болат Бақауов егін алқабынан кейін қараусыз қалған су арнасы учаскесінің біріне барды. Кеңес үкіметі жылдары 1987 жылы пайдалануға берілген осы арнамен 5,5 мың гектар жерді суарған.

– Қазірдің өзінде жерді пайдаланып суаруға болады, – деді «Ай-Би-Аль» өндірістік фирмасының басшысы Мұсай Әлімов. – өзіне қажетті суды сіңіріп, қалғаны топыраққа кетеді.
Ұзындығы 30 шақырымнан асатын су арнасынан су өздігінен ағады, бұл қосымша сорғыларды орнатуды қажет етпейді. Лебяжі ауданының әкімі атап өткендей, қазіргі уақытта жергілікті билік арна жанындағы жерді рәсімдеумен айналысуда. Магистралді коммуналдық меншікке алғаннан кейін «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының балансына беріледі.
– Су арнасы қалпына келтірілгеннен кейін жақын жерде көкөніс қоймасы мен логистика орталығын тұрғызуда болады, өйткені Павлодар-Семей жолы да алыс емес, – деді Ернұр Айткенов. – сондай-ақ жем өсіріп, сүт-тауар фермасын ашуға болады.
Аймақ басшысы су арнасын қалыпқа келтіру бойынша жұмыс тобын құруды тапсырды және аталған жобаның іске асырылуын жеке өзі қадағалайтынын атап өтті.