Қауіпсіздік жұмыстары қатаң бақылауда

Қауіпсіздік жұмыстары қатаң бақылауда

– Кеше Качир ауданында жұмыс сапарымен болдық. Тереңкөлдің жағалауында болған кезімізде қатты ағысқа қарамастан, үш бала үлкен адамдардың қарауынсыз шомылып жүр, – деді аймақ басшысы. – Осы бағытта жұмыстар жүргізілмейді: жағажай абаттандырылмаған, тұрғындармен жеткілікті жұмыс істелмейді.

Айта кетерлігі, ағымдағы жылы Павлодар облысында 18 адам суға батып кеткен. Облыс әкімінің орынбасары Дүйсенбай Тұрғановтың айтуынша, 13 қалалар мен аудандарда жағажайлар ашылмаған. Осының салдарынан адамдар белгіленбеген орындарда шомылуда. Облыс әкімі басшыларға шомылау орындарында қадағалау, сондай-ақ қауіпті өрт жағдайларын болдырмау жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

– Алдағы аптада аймағымыздағы ауа қысымы 30+ болады деп күтілуде, сондықтан өрт қауіпсіздігін болдырмау жұмыстарын қатаң бақылауға алу қажет, – деді Болат Бақауов.