
Павлодар облысының мәдениет күндері аясында Астанада «Ертіс – қимақтар өзені» этноауылы ашылды. Бұл жерде Потанин атындағы павлодарлық тарихи-өлкетану мұражайы Xlll – XIV ғасырларды қамтитын әйелдерге арналған бірегей «бокка» бас киімін таныстырды.

– Бас киімді 1959 жылы қазақстандық археолог Фира Арсланова тауып алған, – дейді мұражай қызметкерлері. – Бұл экспонат жұқа күмістен жасалған. Қимақ қағанаты дәуіріне жатады. Қазақстандағы музейлерде осыған ұқсас экспонат жоқ. Этноауыл қонақтарына павлодарлық қолөнершілер мерекелік жәрмеңке мен былғары және ағаш кесу бойынша шеберлік сағаттарын ұйымдастырды.

– Астаналықтар павлодарлықтарды үнемі күтеді, – дейді Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайының директоры Гүлнар Нұрахметова. – Біздің өңір ағаш ою бойынша көпшілікке танымал, сондықтан ағашпен жұмыс жасайтын шеберлердің айналасында үнемі адам көп жиналады.

Этноауылға жиналған қонақтардың арасында Голландиядан келген Роберт Фенхоорен болды. Астанадағы достарына келген шетелдік азамат киіз үй қалашығына баруға өзі ниет білдірген. Ол қазақтың ұлттық тағамына тәнті болды.

– Мен үш нәрсені жақсы түсіндім: павлодарлықтар жақсы билейді, ән салады және дәмді тағам дайындайды. – Бүгін алғаш рет бауырсақ жеп көрдім. Бірден үшеуін жедім! Бұдан басқа, этноауылда өткен концертте Павлодар облысының шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті. Сондай-ақ қазақ күресі және асық ату бойынша спорттық алаңдар ашылды. міндетті.

