Жылу маусымы жайында

Жылу маусымы жайында

Бүгінгі таңда өңірдегі барлық тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар тұрақты жылумен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, тоқ күші де тиісті көрсеткішке сай. Барлық жылу-электр орталықтарында (13 энергоблок, 18 қазандық және 12 турбина, резервте 1 энергоблок, 12 қазандық және 1 турбина) жылу температурасы қалыпты. ЖЭО-да 10 тәулікке қажетті отын қоры қамтамасыз етілген. Облыста жеке секторды жылыту үшін көмір тапшылығы жоқ.

 

Энергетика және ТКШ басқармасы электр, жылу, су тарату желілерінің жұмысы апатты жағдайда тоқтап қалмауын қамтамасыз ету үшін күнделікті бақылау жүргізіп отыр. Облыстың коммуналдық кәсіпорындарында болатын техникалық ақауларды жөндеуге жедел әрекет ету үшін апатты-диспетчерлік қызмет құрылды. Олар барлық қажетті құрылғылар мен арнайы техникамен қамтылған.  

 

Облыстағы әлеуметтік нысандарды көмірмен қамтуда кедергісіз жүргізіліп жатыр және осы күні 93%-на отын жеткізілген. Барлық қалалар мен аудандар тұрғындарын отынмен қамтамасыз ету мақсатында дайындау-бөлу пункттері құрылып, әрі олардың жұмысы да үнемі бақылауға алынған. Облыста қатты отын жетіспеушілігі жоқ. Көмір сату және оның пункттерде бар-жоғын анықтау үшін барлық қалалар мен аудардарда жедел желі іске қосылды.

 

Павлодар +7 (7182) 320466

Екібастұз +7 (7187) 740552

Ақсу +7 (71837) 24276

Ақтоғай ауданы +7 (71841) 21358

Баянауыл ауданы +7 (71840) 92869

Железин ауданы +7 (71831) 21969

Ертіс ауданы +7 (71832) 22259

Май ауданы +7 (71838) 91152

Павлодар ауданы +7 (7182) 328353

Тереңкөл ауданы +7 (71833) 21885

Аққулы +7 (71839) 21309

Успен ауданы +7 (71834) 91741

Шарбақты ауданы +7 (71836) 21664, 23260

 

Аймақтағы жылу маусымы қатаң бақылауға алынған.

 

Павлодар облысының энергетика және ТКШ басқармасы

Фото авторы Константин Шелков