Павлодар облысының әкімдігінде өңірге инвестиция тарту қарқыны талқыланды.
Жылдың басынан бері Павлодар облысына тартылған инвестиция сомасы 328 миллиард теңгені құрады, бұған дейін жоспарланғаны 285 миллиард теңге болатын. Яғни жоспардың орындалуы 115,2% - ды құрады, бұл ел бойынша орташа көрсеткіштен 20%-ға жоғары. Индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Владимир Платовтың айтуынша, облыстың барлық қалалары мен аудандарында көрсеткіштер тұрақты немесе өткен жылмен салыстырғанда өскен. Көшбасшылар үштігінде Тереңкөл ауданы, Павлодар және Ертіс аудандары бар. Бұл ретте инвестициялардың негізгі үлесі Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларына тиесілі.
- Бюджеттік инвестициялардың төмендеуі байқалады, жалпы инвестициялар көлеміне шаққанда олардың үлес салмағы 22%-ды құрайды. Өңдеуші сектордағы инвестициялық жобалардың шамамен 30%-ы химия және мұнай-химия өнеркәсібіне, 20%-ы металлургияға, 16%-ы агроөнеркәсіптік кешенге жатады. Соңғы уақытта бұлтты технологиялар саласы мен майнинг белсенді дамып келеді-жобалардың жалпы саны 13%, - деп атап өтті Владимир Платов.
Осы жылы өңірде 14 инвестициялық жоба іске асырылады деп жоспарланған. Оның ішінде Екібастұздағы «ФерроТрансТрейд» ЖШС серпімді клеммалар мен шуруптар өндірісі, «Казценосфера» ЖШС химия өнеркәсібінің және «Павлодар» АЭА аумағындағы «Ascor» өндірістік бірлестігінің жобалары, «BTC KZ» ЖШС, «Каз Digital» ЖШС және «BITFURY» ЖШС дата-орталықтары бар.
Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов инвестицияларды тарту барысындағы жоспарлау мәселелеріне назар аударды. Мәселен, жылдық жоспар 471 миллиард теңге жоспарланған жағдайда, инвестия көлемінің негізгі үлесі төртінші тоқсанға түсңп отыр.
- Бұл кезеңде көптеген маңызды іс-шаралар өтеді, жыл қорытындысы шығарылады. Барлығын соңғы айға қалдырмаңыздар, қазан мен қарашаны тиімді жоспарлаңыздар. Бұған әлі уақыт бар, - деді Әбілқайыр Сқақов.
Өңір басшысы қалалар мен аудандар арасында тартылған инвестиция көлемінде баланстың жоқтығына да назар аударды. Аудандарда егіс алқаптарын пайдалануға беру бағытындағы жыл сайынға тұрақсыздыққа байланысты ауылшаруашылық аймағына инвесторлар қаражат салғысы келмейді.
- Кез келген инвестор қандай да бір локацияны таңдағанда тұрақтылықты іздейді. Инвестициялар тарту жөніндегі бағдарламаны аудандардың ерекшеліктерін ескере отырып, оларды дамытудың орта мерзімді жоспарымен байланыстыру қажет. Нақты қалаға немесе ауданға инвестициялар тартуға арналған перспективалық жоспарлар сол аумақтың экономиканық егізінде жасалуы тиіс, - деді әкім.
Осы күні Павлодар облысында жалпы құны 380 миллиард теңге болатын және екі мыңнан астам жұмыс орнын қамтитын 30-дан астам жоба пысықталып жатыр. Бұл негізінен тау-кен металлургия кешені, теміржол кластері және машина жасау салаларындағы жобалар. Сонымен қатар, Әбілқайыр Сқақов өңдеу және жеңіл өнеркәсіп, сондай-ақ туризм бойынша нақты бағдарламалардың қажеттілігін атап өтті. Облыс әкімі өңірді дамыту стратегиясының негізі болатын Павлодар облысының инвестициялық паспортын әзірлеуді тапсырды.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суретті түсірген Валерий Бугаев