«ҚазТрансОйл» АҚ-ның мерейтойы

«ҚазТрансОйл» АҚ-ның мерейтойы

Димаш Досановтың айтуынша, «ҚазТрансОйл» АҚ жиырма жыл ішінде 800 миллион тонна мұнай тасымалдаған. Оған қоса, кәсіпорын Қазақстанда алғашқы болып IPO нарығына шыққан.

– Нарықтағы соңғы бес жыл ішінде біз 228 миллиард дивидент өтедік, оның он пайызын қатардағы қазақстандықтар алды, – деді кәсіпорын басшысы. – Биылғы жылы компанияның мерейтойы қарсаңында біз дивидент көлемін рекордтық деңгейге жеткіздік – 59 миллиардтан астам.

Павлодар облысының әкімі өз кезегінде акционерлік қоғамы Шығыс филиалының өңірдің экономикалық, әлеуметтік дамуына белсене қатысатынын атап өтті.

– Мұнай құбыршылары әлеуметтің әлсіз топтарына үнемі демеушілік жасап, көмек көрсетеді. Компанияның ұжымы алға қойған мақсаттарына нық қадам басып жететініне сенемін, мол денсаулық, қуат пен табыс тілеймін.

Кәсіпорынның бірнеше ардагері мен қызметкерлері де сөз сөйледі. Зинон Абдрахманов бұл салада көп жыл еңбек еткен.

– Жиырма жыл бұл оңай дата емес, осы уақыт аралығында ірі техникалық прогресс орын алды, – дейді ол. – Осы кезде тың технология, құралдар мен жаңа кадрлар келді. «ҚазТрансОйл» барлығын нөлден бастап, биік белеске қол жеткізді. Сондықтан ең алдымен Қазақстанның мұнай құбыры жүйесінің негізін қалаған ардагерлерді құттықтағым келеді.

Салтанатты шара барысында «ҚазТрансОйл» АҚ-ның озат жұмыскерлеріне наградалар табысталды. Одан соң өнер майталмандарының қатысуымен концерт болды.