Қоқыс қайда кетеді?

Қоқыс қайда кетеді?

«Shneider&Danzey» атты неміс компаниясы Павлодар облысында қоқыстықайта өңдеумен айналыспақ. Шетелдік инвесторлар тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу технологиясы және жобаны іске асыруға арналған қаражаттың бар екендігін мәлімдеді.

Неміс компаниясымен өткен кездесуге жер қойнауын пайдалану және индустриялық-инновациялық даму және индустриялық-инновациялық даму басқармаларының, инвестицияларды тарту жөніндегі агенттіктің және  «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының қызметкерлері қатысты.

–  Біз өңірде тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеп отырған кәсіпорындардың жұмысына еш кедергі келтірмейміз, – деді кездесуде Shneider&Danzey компаниясының құрылтайшысы Йорг Шнайдер. – Олардың әрқайсысын әлеуетті серіктесіміз деп танимыз. Олармен ынтымақтасу біздің ортақ табысымызды арттырмақ.

Инвесторлар жаңа жұмыс орындарын ашып, облысымыздың экологиялық ахуалын жақсартқалы отырған жобаға кірісуге әзір. Неміс технологиясы – тұрмыстық қатты қалдықтарды жақпайтын және қауіпті газдар бөлмейтін тиімді әдіс. Шетелдіктер Павлодардың тұрмыстық қатты қалдықтар полигонына барып, онда жұмыс істеп тұрған өңдеу технологиясымен танысты.

Келіссіздер нәтижесінде тараптар іскерлік ниет туралы меморандум жасасты. Павлодар облысының тарапынан құжатқа аймақ басшысының орынбасары Николай Дычко қол қойды.