106 павлодарлық отбасы қоныс тойын тойлады

106 павлодарлық отбасы қоныс тойын тойлады

Тоғыз қабатты тұрғын үйдің екеуі де Ломов көшесінде орналасқан. Олардың біреуіндегі пәтер саны 54 болса, екіншісінде 54 пәтер бар. Құрылыстың жалпы аумағы 9,6 мың шаршы метрді құрайды.  

– Жылдың басынан бері облыс бойынша 109 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 1,4 пайызға артық, – деді аймақ басшысы. – Павлодар қаласының өзінде 95 мың шаршы метр үй салынды.  «Сарыарқа» шағын ауданында құрылыстың жалпы ауданы 24 мың шаршы метрді құрайтын үш үй салынып жатыр. Олардың пәтерлерінің жалпы саны – 360. Жаңа үйлерді салу үшін күні-түні еңбек еткен құрылысшылардың жұмысын ерекше атап өткім келеді. Бәріңізге де қоныс тойы құтты болсын!

Жылдың соңына дейін тағы да 3 тұрғын үй қолданысқа беріледі. Олардың бірі – академик Шөкин көшесі, 159/3 мекенжайындағы тоғыз қабатты тұрғын үй. Бұл үйге жергілікті атқарушы органдарының кезекет тұрған қызметкерлері қоныстанады. Сонымен бірге, Павлов көшесі 95/1 және 93/1 үйлері де жақын арада өз тұрғындарына есігін ашады.