
Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Дүйсенбай Тұрғанов қоныс тойын тойлаушыларды қуаныштарымен құттықтады.

– Қазіргі уақытта Павлодар облысының тұрғындарын сапалы да қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр,-деді аймақ басшысының орынбасары. – Бүгінгі таңда біз 100 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй аумағын пайдалануға бердік. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда едәуір көп. Мереке қарсаңында Качир ауданына осындай сый ұсынған құрылысшыларға алғысымды білдіремін.

Құрылысы биылғы жылғы наурызда басталған жаңа үйдегі пәтерлер жетім балалар мен жас отбасыларға, мұғалімдер мен мемлекеттік қызметкерлерге берілді. 16 пәтерлі тұрғын үйдегі әр пәтердің көлемі – 40 шаршы метр. Тұрғын үйдің құны 160 миллион теңгені құрады.