
Қазақстандық Мүгедектер күні қарсаңында Павлодар облысының әкімі ерекше қажеттіліктері бар адамдардың проблемаларымен айналысатын үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Өңір басшысы қоғам белсенділеріне алғыс айтып, оларға барынша қолдау көрсетуге уәде берді.
Қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен кездесу алдында Әбілқайыр Сқақов облыстық «Самал» балаларды оңалту орталығында болды. Ол ерекше қажеттіліктері бар балалар оңалтудан өтетін жағдайлармен танысты.
- Облысымыздың 27 мыңға жуық тұрғыны – ерекше қажеттіліктері бар адамдар, олардың 10% – ы дерлігі - балалар, - деді әкім қоғам өкілдерімен кездесу кезінде статистикаға сүйеніп. - Соңғы жылдары өңірде айтарлықтай жұмыстар атқарылды, мүгедектігі бар адамдар көптеген қызмет түрлерін алуда, бірақ шешімін талап ететін мәселелер әлі де бар. Мысалы, медициналық жарақтандыру. Кейбір мекемелерде ол заманауи да, кейбіреулерінде жоқ. Сондықтан біз ерекше қажеттіліктері бар адамдарды оңалту жүйесінің нақты стандартын қалыптастыруымыз керек. Бұл ретте біз заманауи талаптарға сай келетін стандартқа көшуіміз керек. Бұл үшін қаржылық ресурстар бар. Біздің басты міндетіміз – ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қоғамға біртіндеп енуге көмектесу.
Өңір басшысымен болған диалогта үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мүгедектігі бар адамдар тап болатын проблемалық мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, «Tandau Foundation» қорының атқарушы директоры Александра Шаронова кедергісіз орта құру мәселелері туралы айтты. Қоғам белсендісінің айтуынша, облыста ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін нысандардың қолжетімділігі ескерілмеген жаңа құрылыс жобаларын жұмысқа қабылдау жалғасуда.
- Өткен жылы біз 30-ға жуық қайта жаңартылған немесе салынған нысандарды, соның ішінде тұрғын үйлерді, бизнес нысандары мен спорт ғимараттарын тексердік. Олардың тек біреуі ғана барлық талаптарға сәйкес салынған, - деп хабарлады Александра Шаронова. - Құрылысшыларға наразылық жоқ - олар жобаға сәйкес жұмыс істейді. Мүмкін жобалаушыларға қандай-да бір әсер ету үшін оларға курстар ұйымдастыру керек шығар. Әзірге бюджеттік және жеке қаражат мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді емес объектілерді салуға жұмсалуда.
Әбілқайыр Сқақов бұл проблема туралы білетінін және әкімдікте мәселемен айналысып жатқанын атап өтті. Ол қорды тексеру қорытындысы мұқият зерттеліп, осы мәселе бойынша түбегейлі шешім қабылданатынына сендірді.
Әбілқайыр Сқақов үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне ерекше қажеттіліктері бар адамдардың мүдделерін білдіргені үшін рахмет айтып, оларға алғыс хаттар табыс етті.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суретті түсірген Валерий Бугаев