Өңір басшысы Асайын Байханов жұмыс сапарымен Ақтоғай ауданына барды

Өңір басшысы Асайын Байханов жұмыс сапарымен Ақтоғай ауданына барды

Өңір басшысы Асайын Байханов жұмыс сапары аясында Ақтоғай ауданына барып, егін жинау науқанының барысымен, аграрлық жобалардың іске асырылуымен танысты және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесу өткізді.

Биыл ауданның егіс алқабы 80 мың гектарды құрады, бұл өткен жылға қарағанда 10 мыңға артық. Майлы дақылдар алқабы едәуір ұлғайды - 12-ден 25 мың гектарға дейін, бидай 33 мың гектарға егілді. Бүгінгі таңда 21 мың га егіс алқабы жиналды. Сонымен қатар жемдік және көкөніс дақылдарының да өндірісі өсуде: картоптың өнімділігі 460 ц/га, сәбіз - 530 ц/га құрады.

Сапар барысында облыс әкімі «Ақтоғай Агро» ЖШС-де болды. Мұнда заманауи тиеу терминалы және жалпы сыйымдылығы 20 мың тонна болатын алты көкөніс қоймасы жұмыс істейді. 2001 жылы құрылған шаруашылық 11,5 мың га егіс алқабында астық, майлы және көкөніс дақылдарын өсірумен айналысады. Кәсіпорында 200 тұрақты және 50 маусымдық қызметкер жұмыс істейді, орташа жалақы 400 мың теңгені құрайды.

Компания цифрлық технологияларды белсенді енгізуде: дрондарды, геодеректерді және суды үнемдеу жүйелерін пайдалану дақылдардың жағдайын бақылауға, патогендерді уақтылы анықтауға және өсімдік шаруашылығының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, «Ақтоғай Агро» ЖШС сүт-тауар фермасының төртінші блогын салу жобасын іске асыруда. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін мал саны 1900-дан 2500 басқа дейін артады.
- Біз үшін ірі-қараның жоғары сүттілігі ғана емес, сонымен қатар малдың сапасы мен денсаулығын қамтамасыз ету маңызды. Барлық салынған нысандар сенімді, бұл жобаның да сапалы әрі уақытылы іске асырылатынына күмәнім жоқ, - деп атап өтті Асайын Байханов.

Жұмыс сапарының соңында өңір басшысы диқандармен кездесу өткізіп, көкөніс бағасын тұрақтандыру бойынша меморандумға қол қойды. 2025 жылы облыста картоптың егіс алқабы 6 мың га ұлғайып, 31,2 мың гектарды, сәбіз - 5,3 мың гектарды құрады. Болжам бойынша 937 мың тонна картоп және 184,5 мың тонна сәбіз жиналады деп күтілуде. Бұл ретте жылдық қажеттілік - 75 мың картопты және 17 мың тонна сәбізді құрайды. Бұл ішкі сұраныстан он есеге көп және өнімнің стратегиялық қорын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылы АӨК дамытуға 29,9 млрд теңге субсидия бөлінді, оның ішінде 6,6 млрд теңгені көкөніс және картоп өндірушілері алды. Диқандарға қосымша 33,2 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлініп, 53,8 млрд теңге сомасына жеңілдетілген несиелер берілді.

Меморандумға сәйкес, көкөніс қоймасына 10 мың тонна картоп пен 3 мың тонна сәбіз салынады, бұл өңірдің маусымдық қажеттілігінің шамамен 30% құрайды. Әлеуметтік дүкендер мен ауылшаруашылық жәрмеңкелері үшін бағалар белгіленді: картоп - 125 тг/кг, сәбіз - 115 тг/кг.
- Қабылданған шаралар әлеуметтік маңызы бар өнімдерге қолжетімді бағаны ұстауға, фермерлерді қолдауға және облыстың азық-түлік тәуелсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығы - азаматтардың өмір сүру сапасына әсер ететін стратегиялық сала. Біздің міндетіміз - азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар ұзақ мерзімді баға тұрақтылығы жүйесін құру, - деп атап өтті облыс әкімі.

Меморандумға «Ақтоғай Агро» ЖШС, «AgroTerra» ЖШС, «Заря» ШҚ, «Галицкое» ЖШС, «Победа» ЖШС-мен қатар өңірдің жиырмадан астам ауыл шаруашылығы құрылымдары қол қойды.


Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев