Облыс әкімі Асайын Байханов жұмыс сапарымен облыс орталығын аралады

Облыс әкімі Асайын Байханов жұмыс сапарымен облыс орталығын аралады

Жұмыс сапары алдында «Таксомотор» ЖШС компаниясының жаңа автобустары таныстырылды. YOUTONG маркалы заманауи автобустардың сыйымдылығы - 57 адам. Автобустар мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кіруіне арналған аппарельмен, кондиционерлермен, гаджеттерді қуаттауға арналған USB порттарымен және жолаушылардың қауіпсіздігі үшін жеті бейнекамерамен жабдықталған.

Жаңа автобустар №003 бағыты бойынша қатынайтын болады және қозғалыс аралығы 7 минутқа дейін қысқарады. Бұған дейін сатып алынған 31 автобус пен бүгінгі келген 12 автобуспен кәсіпорын өзінің жылжымалы құрамын 100% жаңартты. Ендігі уақытта №003 бағытында 24, ал №3 бағытында 19 автобуст жүретін болады.

Асайын Байханов қоғамдық көлікті жаңғырту қозғалыс жүйелілігінің артуымен және жолаушыларға сапалы қызмет көрсетумен қатар жүруі тиіс екенін атап өтті.

Одан кейін облыс әкімі ауқымды күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған автодромға барды. Жоба жүргізушілерді дайындауға және жол қауіпсіздігі стандарттарын арттыруға бағытталған. Мұнда жалпы ауданы 23 мың шаршы метр оқу алаңдары мен жаяу жүргіншілер жолдары жаңартылды, бақылау-өткізу пункті және қоршаулар жабдықталды, 132 жол белгілері, 4 бағдаршам, 160 жарықдиодты шамдарымен 106 жарықтандыру тіректері және 4 бейнебақылау камерасы орнатылды. Тәжірибелік сабақтар үшін екі «төбешік» салынып, 3,8 км жол таңбасы салынды.

Сонымен қатар, сапар барысында өңір басшысы Қамзин, Қамзин-Чайковский және Ак. Шөкин-Павлов көшелерінің жиі су басатын учаскелерінде құрылысы жүргізіліп жатқан жалпы ұзындығы 1,8 км дренаж жүйесімен танысты. Жаңа жүйе еріген және жер асты суларын жинап, бұруға мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде 23 бақылау және 28 жаңбыр суын қабылдайтын ұңғымалар орнатылды.
Дренаж жүйесімен қатар ұзындығы 6,3 км болатын Қамзин көшесінің асфальт жабыны жаңартылуда. Қазіргі уақытта 5,1 км асфальт жабыны төселді: 12,5 мың қума метр жиек тастар ауыстырылды, фрезерлеу және жаңа асфальт төсеу жұмыстары орындалды, 2,9 км жаяу жүргіншілер жолдары жөнделді.
Қамзин көшесіндегі барлық жұмыстарды қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша өңір басшысы қала билігіне жобалардың уақтылы және сапалы аяқталуын қамтамасыз етуді, тұрғындар үшін қауіпсіздік пен жайлылық деңгейін арттыра отырып, қалалық автокөлік кәсіпорындарының жылжымалы құрамын жаңарту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

- Біз жаңа жабдықты немесе көлікті жөндеуге және сатып алуға ғана емес, қалалық инфрақұрылымды жүйелі жаңғыртуға баса назар аударудамыз. Адамдар көшеде, көлікте, күнделікті өмірде өзгерістерді сезінуі керек. Бұл біздің жұмысымыздың басты нәтижесі, - деп атап өтті Асайын Байханов.


Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев