Жүйелі жұмыстар жүргізіледі

Жүйелі жұмыстар жүргізіледі

Павлодар облысының әкімдігі мен «Самұрық-Энерго» АҚ-ыбірден бірнеше жобаны жүзеге асыруды көздейтін меморандум жасасты. Жобалардың ішінде «Богатырь» кенішінде көмірді өндіру және тасымалдауда циклдік-ағындық технологияны ендіру және Екібастұздың №2 ҚАЭС-да №3 энергия блогын іске қосу арқылы станцияны қайта құру жұмыстарын жүргізу жоспарлары бар.

Құжатқа Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов пен акционерлік қоғам басқармасының төрағасы Алмасадам Сатқалиев қол қойды.

– Станцияда үшінші энергоблокты құру – біздің көптен бергі арманымыз, – деді аймақ басшысы. – Біз бұл мәселемен көптен бері айналысып келеміз. Жоба өте ауқымды, сондықтан да оны жүзеге асыруға інде екі жыл уақыт кетеді.

Облыс әкімінің пікірінше үшінші энергоблоктың құрылысы Солнечччный кентінің дамуына тың серпін береді. Қазіргі кезде бұл елді мекенде бос тұрған бірнеше көпқабатты үйге №2 ҚАЭС-ның жұмысшыларын қоныстандыруға болады.

Анықталғандай, меморандум бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ күл қалдықтарын жою технологиясын қолдану арқыл өндірістің қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерін азайтумен айналысып жатыр.