
Жүз шақырымдық веложарыс өткізу идеясын облыс басшысы ұсынды. Болат Бақауов ағымдағы жылы 1 мамырда өткен 30 шақырымдық веложарысқа қатысқанда алдағы уақытта ұзақ қашықтықта веломарафон ұйымдастыру туралы атап өткен.

– Велосипедпен жарысушылар үшін 10 километр деген орташа қашықтық. Ал жаттықпаған адамға мұндай қашықтық қиынға соғатыны сөзсіз, – деді 9 жыл велосипед спортымен шұғылданатын 15 жасар Егор Карасёв.

Веложарыс Павлодардан басталды. Жарыс қатысушылары Тереңкөл ауылына дейін шамамен алғанда 4 сағат жүрді.

– Жақсы жарыс ұйымдастырылды, – деп бөлісті жарысқа қатысушы Дарья Гончарова. – Ауа-райы да тамаша, қарсы соққан жел болған жоқ.

Качир аудан орталығына жеткеннен кейін аймақ басшысы дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен футбол алаңының құрылыс жұмыстарын тексерді. Мердігердің айтуынша, екі нысан қыркүйек айының соңында тапсырылмақ.
