Футбол алаңындағы шайқас

Футбол алаңындағы шайқас

Мемлекеттік қызметшілер арасындағы турнир «Жұлдыз» стадионында өтті. Турнирге 7 команда қатысты. Оларды екі топқа бөліп, жеңіске жеткендер финалға шығуға мүмкіндік алды. Командалар 10 минуттан екі тайм ойнады.

– Шынымды айтсам, жарыстың дәл осындай жоғары деңгейді өтетінін ойлаған жоқпын, – деді марапаттау рәсімінде Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев. – Алғаш рет ұйымдастырылған турнирде командалар бір-бірін танып білді. Дәстүрге айналатын жарыс алдағы уақытта бұдан да тартысты өтетіне сенімдімін.

Финалда облыстық жастар саясаты жөніндегі басқармасы мен құрылыс саласының мемлекеттік қызметшілері ойнады.  3:1 шотымен жастар басқармасы жеңіске жетті. Үшінші орынды агроөнеркәсіп кешенінің өкілдеріне бұйырды. Бесінші, алтыншы және жетінші орындарды әлеуметтік, өнеркәсіптік және қаржы-экономика саласының қызметшілері иеленді. 

Үздік футболшылар жеке марапаттарға ие болды:  Үздік қақпашы – Марат Валиев,үздік қорғаушы –  Мадияр Иманханов, үздік шабуылшы – Ринат Букаев, үздік сұрмерген – Ерсұлтан Әмірханов .