
Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған бұл ауқымды жоба әрбір өңірде уақыт пен қоғамның қажеттіліктеріне сай келетін заманауи білім беру орталықтарын құруға бағытталған. Мұндай мектептер тек оқу орындары ғана емес, Қазақстанның білім беру жүйесі үшін жаңа сапа стандарттарын белгілейтін прогрестің символына айналуда.
Салтанатты ашылу рәсіміне оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов қатысты.
Өңір басшысы тұрғындарға арнаған сөзінде жаңа нысанның айрықша маңыздылығын атап өтті:
- Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің жастарға жолдауында: «Біз өскелең ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие бере отырып, елдің болашағын қалыптастырамыз», - деп атап өтті. Бүгін міне осы жоғары мақсат орындалып отыр. «Достық» шағын ауданындағы мектеп - Президент бастамасының жарқын үлгісі, өңіріміздің мақтанышы және елімізге үлгі, - деді Асайын Байханов.
Сондай-ақ, «Достық» шағын ауданы қарқынды даму үстінде екенін атап өтті: мұнда 15 заманауи көпқабатты үй салынды, бес мыңнан астам отбасы жаңа баспанаға қоныстанды. Жаңа мектептің құрылысы оқу орындарына деген қажеттіліктің орнын толтырып, балалар үш ауысымда оқуға мәжбүр болған 21-ші мектептің жүктемесін айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев павлодарлықтарды құттықтап, «Келешек мектептері» жобасы отандық білім беру тарихындағы ең өршіл және маңызды жобалардың бірі екенін атап өтті.
- Мұндай мектептер - Қазақстанның болашағы. Біз әрбір аймақтағы балалардың заманауи жағдайда оқу оқып, батыл түрде алға ұмтылуына көмегін тигізетін білім алғанын қалаймыз. Дәл осындай білім ошақтары қазақстандықтардың жаңа буынын қалыптастырып, нормаға айналуы тиіс, - деп атап өтті министр.
«Достық» шағын ауданындағы 48 сыныбы бар жаңа мектеп 1200 орынға арналған және жалпы орта білім берудің 0-ден 11 сыныпқа дейінгі барлық сатыларын қамтиды. Оның басты құндылығы - бірегей тұжырымдамада. Бұл цифрландыру, шығармашылық, инклюзия және мультифункционалдылық үйлесімді біріктірілген модельдік алаң.
Мұнда ыңғайлы білім алу мен өзін жан-жақсы дамыту үшін барлық жағдайлар қарастырылған: заманауи интерактивті жабдықтар, сандық панельдер, кең кабинеттер, шығармашылық студиялар. Қол жетімді ортаға да ерекше назар аударылады: лифттер, пандустар, тактильді бағыттаушы жолақтар, жарық маяктары және арнайы сахналық құрылғылар әрбір балаға мектеп өміріне толық қатысуға мүмкіндік береді.
Бұл Павлодар облысында 1 қыркүйекте ашылған жалғыз мектеп емес. Жаңа оқу жылында тағы үш мектеп — Бұланбай, Тілектес және Бірлік ауылдарында есігін айқара ашты. Алайда, дәл осы «Достық» шағын ауданындағы мектеп биылғы жылдағы ең ірі білім беру мекемесі, өңірдің білім беру саласын дамытудағы жаңа дәуірінің символы және өскелең ұрпақтың табысты болашағының кепілі.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев