
Меморандумда тараптар сауда және экономика, энергетика, ауыл шаруашылығы, ғылым және техника, білім беру, мәдениет және туризм салаларында тәжірибе алмасуға және ынтымақтасуға жағдай жасасады деп жазылған. Сондай-ақ екі аймаққа тұрақты байланысты қолдау және туындаған мәселелерді келісімдеу жөнінде міндеттемелер жүктелді.

– Үстіміздегі жылғы маусымда Астанада өткен Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің кездесуінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай Президенті Си Цзиньпин екі ел арасындағы сенімгерлік қатынастың дамып келе жатқанын ерекше атап өткен болатын, – деді меморандумға қол қояр алдында Павлодар облысының әкімі. – Сол кезде салықтың кейбір түрлерін алып тастау туралы келісім жасалған болатын. Сондай-ақ құрылыс және көлік перспективалары салаларында көзделген жобаларды іске асыру мәселелері талқыланған болатын. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Қытайдан басқа ешқандай елмен осындай көп бірлескен кәсіпорын ашпағанын атап айтты. Бүгінгі кездесуді екі мемлекет басшысының бастамасын және екі елдің үкіметі екітараптық қатынасты дамытуда атқарып жатқан жұмысын қолдау мақсатында ұйымдастырып отырмыз.

Екі аймақтың басшылары, сондай-ақ бірнеше шекті келісімге қол қойды. Атап айтқанда, Павлодар облысының Инвестицияларды тарту жөніндегі агенттігі мен Шаньси провинциясының халықаралық сауданы дамыту жөніндегі комитеті, сондай-ақ Екібастұз және Хэцзинь қалаларының әкімшіліктері ынтымақтастық туралы келісімге келді.

Содан соң павлодарлық делегация Қытай көрмесінің ауыл шаруашылығы өнімдерін сату жөніндегі бесінші сессиясын аралады. Онда Павлодар облысының «Кэмми» ЖШС, «Крендель» ЖШС, «Рубиком» ЖШС және басқа да кәсіпорындарының өнімі ұсынылды.

– Біз Қытайға ұнымызды әкелмек болғанбыз, алайда бұл өнімді шекара арқылы өткізуде біраз қиындықтар туындады, – деді ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ораз Дүзденбаев. – Нәтижесінде макарон, кондитер және шұжық өнімдерін, консервілер әкелдік. Бұл өнімдер Қытай нарығында да бар. Көрмеге қатысушыларға павлодарлық бал қатты ұнады. Бәрі де дәмін татып көріп жатты.

Шаньси провинциясында Болат Бақауов сондай-ақ CCESCC химиялық корпорациясының және «Нөмір 5 теміржол құрылыс инженерлік корпорациясы» компаниясының топ-менеджерлерімен кездесті.