Екібастұз бен Хэцзинь қалалары әріптестік туралы келісімге келді

Екібастұз бен Хэцзинь қалалары әріптестік туралы келісімге келді

Павлодар облысы делегациясының Қытайдағы іссапары жалғасып жатыр.Бүгін ресми делегацияның бір бөлігі Хэцзинь қаласында болды. Шаньсиді Қытайдың көмір өндіретн жүрегі деп алсақ, Хэцзинь оның бас артериясы іспетті. Екі қаланың басшылығы өзара тиімді ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар іскери, мәдени және туристік әрекеттестік мүмкіндіктер туралы сөйлесіп, екі жақтың инвестициялық ұсыныстарын талқылады.

Сапар барысында Екібастұз қаласының билігі мен бизнес өкілдері Хэцзинь қаласының көмір химиясы, күл өңдеу және энергетика саласындағы төрт ірі кәсіпорындарының қалалық ауруханасында болды.

Екі жақты келісімшарттардың шеңберінде кокс, көмір газы және бензол өндірумен айналысатын қытайлық корпорацияның зерттеу институтының өкілдері көмір химиясын қолданудың мүмкіндіктерін зерттеу үшін Екібастұз қаласына келуді жоспарлап отыр.

Екібастұз қаласының әкімі Қайрат Нүкенов бұл меморандум екі қаланың арасындағы әрекеттестікті нығайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті. — Екібастұз және Хэцзинь қалалары өте ұқсас. Біз ресми тараптар және бизнес өкілдері деңгейінде өзара әріптестік жасауға мүдделіміз. Өнеркәсіп саласынан бөлек, мәдени байланыстар құрып, медициан және білім беру саласында да қарым-қатынас орнататын боламыз.