
Меморандум Гонконг Жібек жолы қауымдастығының мүшелерімен бизнес және сауда, мемлекеттік басқару, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, тарих және ғылым мен техниканы дамыту бойынша ынтымақтастықты көздейді.
Кейін павлодарлық делегация 100 астам ірі кәсіпорын өкілдерімен кездесті. Шэньси кәсіпкерлері Павлодар облысымен химия, мұнай-химия, көмір және өндірістік қалдықтарды өңдеу салаларында ынтымақтастықта болуға қызығушылық танытты. Шэньси провинциясының сауда-саттық басқармасының бастығы Джао Джуньминь Ертіс өңірінің өндірістік базасын ерекше атап өтті.

– Сонымен қатар, Қытайда павлодарлық азық-түлік өнімдері жоғары сұранысқа ие, – деп атап өтті ол. – Мен ауыл шаруашылығында жемісті ынтымақтастыққа қол жеткіземіз деп сенемін.
Болат Бақауов Чаньань қаласында (қазіргі Сиань) болған Ұлы Жібек жолындағы ынтымақтастық туралы атап өтті.

– Бүгін біз Тайюань қаласынан Сиань қаласына дейін теміржол арқылы жоғары жылдамдықпен жүретін бірегей пойызбен барып, өзімізді Жаңа Жібек жолының қатысушылары ретінде сезіндік, – деді Болат Бақауов. – Қытай үкіметі көмірді қайта өңдеу жобаларын қолдайтынын және көмір өндіретін негізгі өңірлерде отандық технологияларды қолданатынын білеміз. Қазіргі уақытта әлемдегі экономикалық дағдарыс кезеңінде бір-біріне экономикалық қолдау көрсету өте маңызды. Павлодар облысы мен Қытай арасындағы өзара сауда, тауар айналымының статистикасы тұрақты өсу үстінде, жылына 500 миллион доллардан асады. Соңғы үш жылда өзара тауар айналымының көлемі екі есеге артты.
Аймақ басшысы қытай инвесторларымен бірнеше мәрте кездесу өткізген ЭКСПО халықаралық көрмесінен кейін Павлодар облысы мен Қытай өңірінің экономикалық қарым-қатынасы нығая түсетіндігін атап өтті.