
Қытайлық кәсіпкерлер Павлодар облысында криптовалютаны шығаруды ұсынды.«Мауе» компаниясының өкілдері ҚХР-да жұмыс сапарымен жүрген аймақ басшысы Болат Бақауовқа осындай ұсыныс жаады.
Кездесуде шетелдік инвесторлар Павлодар облысында өндірілетін электр энергиясының құны Қытайдағы электр энергиясының бағасынан 6 есе төмен екендігін атап өтті. Бұл олар үшін аса маңызды. Үйткені криптовалютаны шығару үшін электр энергиясының үлкен көлемі қажет.
– Бізде майнингтік хаб құруға қажетті арнайы дата-орталығымыз бар, – дейді “Маyе” компаниясының өкілі Дван Джу Ни. – Хабтың толыққанды жұмыс істеуі үшін жылына 300 миллион кВатт сағатына жұмсалады.
Болат Бақауов электр энергиясының қажетті көлемін шығаруға Павлодар облысының толық мүмкіндігі бар екенін айтты. Алайда, аймақ басшысының айтуынша, бұл мәселені қазақстандық заңнамаға сәйкес жан-жақты зерделеу қажет. Криптовалюта біздің еліміз үшін валютаның жаңа түрі болғандықтан, бәрін де заң шеңберінде шешу қажет.