Павлодар облысына жаңа мектептер қажет

Павлодар облысына жаңа мектептер қажет

Сонымен қатар соңғы екі жылда жеті мектеп, соның бесеуі ауылда ашылды. Қазіргі уақытта аймақта 372 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беру мектептері бар, үш ауысымдық және апаттық жағдайдағы мектептер жоқ.

– Жыл сайын облыстың білім беру жүйесіне бөлінетін қаражат артуда, – деді облыс әкімі. – Егер 2015 жылы бөлінген қаражат 45,1 млрд. теңге болса, 2016 жылы – 54,4 млрд. теңгені, ал осы жылы – 60 млрд. теңгені құрады.

Аталған сомадан 1,9 млрд. теңге 118 мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына және алғаш рет осы жылы бір млрд. астам теңге материалдық-техникалық базаны (жиһаз, мектеп автобусы, компьютерлік техника, роботты техника кабинеті, шахмат, сонымен қатар мамандандырылған кабинеттер) нығайтуға бағытталды.

ҰБТ қорытындысы бойынша Павлодар облысының олимпиадалық құрамы республикада Астанадан соң екінші орынға лайық деп танылды. Сонымен қатар, жалпы рейтингте де Алматыға ғана жол берді. Аймақтағы білім беру жүйесінің сапасы мен тиімділігіне оқу грантына түскен түлектердің рекордтық көрсеткіші дәлел 49% (3738 түлектің 2537-сі ҰБТ тапсырып, 1243 бала грант иеленді).