
Өңір басшысы 94 жастағы Бикбулат Хазыровқа барды. Ұлы Отан соғысына қатысушы майданнан оралғаннан кейін бүкіл өмірін Павлодарда өткізді. Құрметті демалысқа шыққанға дейін облыстық атқару комитетінде жұмыс істеді. Бикбулат Хазыров - туған өлке тарихы мен Ұлы Отан соғысына қатысқан павлодарлықтар туралы 14 кітаптың авторы.
- Біздерді, ардагерлерді елеп жатқандарыңыз көңіл сүйсіндіреді, - деп атап өтті ақсақал. - Жасымызға байланысты біз үйден сирек шығамыз және біз үшін жас ұрпақтың қамқорлығы өте маңызды. Жастар қарттарға деген ілтипаттарын арттыра түсуі керек.
Әбілқайыр Сқақов 104 жастағы Сәлима Ақышоваға да қонаққа келді. Тыл еңбеккері және еңбек ардагері жұбайымен бірге үш бала, 11 немере және 12 шөбере тәрбиелеген.
– Сіз өте бақытты адамсыз - айналаңызда балалар, немерелер мен шөберелер өте көп, - деді облыс әкімі. - Ең бастысы - Сізге денсаулық тілейміз! Жақындарыңыз әрқашан жаныңызда болсын.
Өңір басшысы 108 жастағы Қүлжәмила Ахмедьяноваға да күш-қуат тіледі. Көп жыл Ертіс ауданында ауыл шаруашылығында жұмыс істеген әже бүгінде балаларымен бірге Павлодарда тұрады.
- Бізде бәрі жақсы, - деді ол. - Балалар жақын жерде, қажет болса, дәрігерлер келіп, көмектеседі.
Қазақтың дәстүрі бойынша ғұмырлы әже қонақтарға бата берді.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суретті түсірген Валерий Бугаев