Павлодар облысында ЭКСПО-2017 көрмесінен 20-ға жуық жоба енгізілетін болады

Павлодар облысында ЭКСПО-2017 көрмесінен 20-ға жуық жоба енгізілетін болады

Аймақ басшысы Болат Бақауов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингтеПавлодар облысында көмірді тиімді жағу және жел генераторларын орнату жөніндегі жобалар іске асырылып жатқанын мәлім етті.

Астанада журналистермен өткен кездесуде Павлодар облысының әкімі аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы баяндады. Бүгінгі таңда аймақтық жалпы өнімнің өсімі 5,6%-ды құрап отыр. Бұл еліміздегі үздік көрсеткіштердің бірі болып табылады. Облысымыздың жалпы республикалық ішкі жалпы өнім көлеміне қосқан үлесі 4,4%-дан 4,7%-ға артты.

– Бозшакөл тау-кен байыту комбинатының мыс концентратын өндіру бойынша толық қуатқа шығу есебінен тау-кен қазу секторындағы өнім көлемі 12%-ға дерлік артты, – деп мәлімдеді Болат Бақауов.   

– Өңдеу өнеркәсібінде (ФКИ– 104,3%) металлургия, химия, мұнай-химия және машина жасау кәсіпорындары тұрақты түрде жұмыс істеп тұр. Электр энергиясын өндіру 23%-ға артып, сағатына 26 миллиард кВт-ты құрады. Оның 3,3 миллиарды Екібастұз ГРЭС-1-ден Ресейдің аймақтарына экспортталды. Жылдың соңына дейін электр энергиясының экспорты 6 миллиард кВт-ты құрайтын болады. Бұл былтырғы жылғы көрсеткіштен үш есе артық.     

Аймақ басшысы атап айтқандай, Павлодарда инвестициялық әлеуетті арттыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Облысымыз инвестициялар тарту және жаңа технологияларды енгізу мүмкіндіктеріне ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің арқасында ие болып отыр. – Көрме жұмыс істеген кезеңде өңірімізде енгізу мақсатында  20-ға жуық жоба таңдап алдық, – дейді Павлодар облысының әкімі . – Олардың бірі – «Көгілдір көмір» атты поляк технологиясы. Аталмыш технология көмірдің жылуын тиімді пайдаланып, қоршаған ортаға шығарылатын зиянды қалдықтарды азайтуға мүмкіндік береді. Успен ауданында «Галицкое» ЖШС бастапқы жоба ретінде қуаттылығы 1 МВт-ты құрайтын жел энергетикалық қондырғысын орнатуда. 

Павлодар облысы ЭКСПО көрмесінде жел энергетикасы саласындағы жобаны ұсынды. Шідерті кентінде 50 миллион АҚШ долларына жуық сомаға жел генераторлық қондырғылар құрылысына инвестиция құю туралы алдын-ала келісім жасалып қойды.