Павлодар облысында жоспарланған инвестициялық жобалар жылдың соңына дейін іске асырылады

Павлодар облысында жоспарланған инвестициялық жобалар жылдың соңына дейін іске асырылады

2017 жылдың алты айы ішінде Павлодар облысының экономикасына 211,7миллиард теңге инвестиция немесе 2016 жылғы қаңтар-тамызға 83,6 %  тартылды. Бұл жөнінде Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында мәлім етті.

– Қаржыландыру көздері: бюджеттік қаражаттан – 50,1 млрд.теңге, кәсіпорынның меншік қаражаты – 134,8 млрд.теңге, банк кредиті – 19,7 млрд.теңге, басқа да заемдық қаражат – 7,1 млрд.теңге, оның 5,0 млрд.теңгесі – шетелдік инвестициялар, — деді Болат Бақауов.

Аймақ басшысы 2017 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 2017 жылға жоспарланған инвестиция көлемі 271,0 млрд.теңге болатын және 1323 жұмыс орны бар  8 жобаның құны 6,6 млрд. теңгені және жұмыс орындар саны 183 орынды құрайтын 3 жоба енгізілді.

Олардың қатарында «Екібастұз ет өңдеу комбинаты» ЖШС (инвестиция көлемі – 1,0 млрд.теңге және жұмыс орындар саны – 95), «Галицкое» ЖШС (инвестиция көлемі – 0,2 млрд.теңге және жұмыс орындар саны –95), «Evooil Kazakhstan» ЖШС (инвестиция көлемі – 5,4 млрд.теңге және жұмыс орындар саны –80), – деп мысал келтірді облыс әкімі.

Болат Бақауов жыл соңына дейін жалпы инвестиция көлемі 264,0 млрд.теңге және жұмыс орындар саны 1066 болатын тағы 5 жоба ензілетін болады.