Ардагерлерді ардақтайық!

Ардагерлерді ардақтайық!

Павлодар облысының ардагерлер ұйымы 35-жылдық мерейтойын атап өтті. Мерейтойаясында Достық үйінде облыстық ардагерлер кеңесінің плнеумы өтті. Кездесуде облыстық ардагерлер кеңесінің құрамына енген жаңа мүшелер таныстырылды. Олар: Екібастұз қаласының ардагері Амантаев Бақтыбай мен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастапқы ардагерлер ұйымының төрағасы Дубовицкий Юрий.  

– Кеңестік кезеңде құрылған ұйымның іргетасы берік, – деді облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рымтай Шөкеев. – Ардагерлер кеңесінің беделі арта түсіп, қарияларға көмек көрсетіп қана қоймай, қоғамдағы маңызды шараларды да атқарып келеміз.   

Мерекеге келген Павлодар облысының әкімі ұйымның белсенділеріне алғыс хаттарды табыстады. Ол өзінің құттықтау сөзінде еліміздің өткенін, бүгіні мен келешегін байланыстыратын құрал ақсақалдардың білім мен тәжірибесі екендігін атап өтті.  

– Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен жалынды ұлтжандылықтарыңыздың арқасында ғана біз қазіргі жағдайға қол жеткіздік, – деді Болат Бақауов. – Сіздер болашақ ұрпаққа жол сілтеп, отансүйгіштіктің жарқын үлгісін көрсетіп келесіздер.

Аймақ басшысы ардагерлердің өтініштерін жеке қарайтынын айтты. Мәселен, жақында ардагерлер ұйымына шағын автобус сатып алынды.  Қазіргі кезде, облыс басшылығы Ардагерлер үйін салуды ойластырып жатыр.  

– Біздің ардагрелер халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ қажетті мемлекеттік қызметтерді алуына жағдай жасау бойынша ұсыныстар түсіп жатыр, – деді әкім. – Қалалр мен аудандардың әкімдері жергілікті ардагерлер кеңестерінің компьютерлерін жаңартып, оларды қолдануға кеңес беретін мамандарды бекітуі керек.  Осылайша, қариялар ХҚКО ұсынатын электронды қызметтерді «Азаматтарға арналған үкімет» порталында  қашықтықтан алуға мүмкіндіктері болады.

Пленумнен кейін ардагерлерге мерекелік дастархан жайылып, Естай атындағы Мәдениет сарайының ардагер өнерпаздары концерт қойды.