
– Бақыт Бексейітованың басшылығымен біздің аймағымыз сапалы білім беру жағынан республика бойынша алдыңғы орынға шығып, нәтижеліліктің ұлттық рейтингісінде Астана және Алматы қалаларына бәсекелес болды, – деді облыс әкімі аппарат кеңесінде. – Жай ғана мысал келтірейін: ротация бойынша өңірімізге келген басшылардың көбі өздері кейін басқа аймаққа ауысса да, балаларын біздің облыста оқуға қалдырады.

Кездесу барысында Бақыт Бексейітоваға облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ведомстволық наградасы «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі табысталды. Айта кету керек, 29 қазан күні білім беру басқармасының бұрынғы басшысы облыстық мәслихаттың депутаты болып сайланған еді.