
– Тереңкөл ауылында жаңа спорт кешенін тұрғызуды армандап едік, – деді Болат Бақауов. – Тұрғындарды көпшілік спортына тарту жұмыстарын жалғастырып, оған қосымша қаражат бөлуді қарастырамыз. Баршаңызды жаңа спорт кешенінің ашылуымен құттықтаймын!

Жаңа спорт кешенінің жалпы құны – 215 млн теңге. Құрлысты «Портал ПВ» ЖШС 6 ай ішінде аяқтады.

– Осындай спорт кешенінің ашылғанына қуаныштымыз, – дейді №3 Тереңкөл ауылы мектебінің 9 сынып оқушысы Санжар Қайыржанов. – Жаңа кешенде өтетін секцияларға көптеген оқушылар қатысады деп ойлаймын.

Жаңа кешеннің ресми түрде тұсауы кесілгеннен кейін облыс әкімі функционерлерге 1 миллион теңгеге сертификат ұсынылды. Бұл ақшаға спортпен айналысатын ауыл жастарына спорт жабдығы сатып алынады.
Атап айтқанда, спорт кешенінің жанында толық өлшемді футбол алаңы орнатылды. Алаңда алғашқы жолдастық матч Качир мен Железин, Успен аудандары құрамалары арасында өтті.