
Биылғы жылы қашықтан оқыту форматындағы оқу процесін ұйымдастыру үшін РБ-тен 15923 компьютерлік техника (компьютер-1657, ноутбуктер-12119, планшеттер-2147) сатып алуға 2,4 млрд.теңге сомасында қаражат бөлінді.
Компьютерлік техника ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған техникалық ерекшелікке сәйкес сатып алынды.
Техниканы сатып алудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін білім беру басқармасы "Ертіс – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы Исабеков Ризабек Аспандиярұлының төрағалығымен мониторингтік жұмыс тобын құрды. Комиссия құрамына "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Сергеевич Теренченко, үкіметтік емес ұйымдардың, ата-аналар жұртшылығының, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кірді.
Жұмыс тобы компьютерлерді, ноутбуктерді және планшеттерді техникалық ерекшелікке және баға ұсынысына сәйкес жеткізу бойынша 8 коммерциялық ұсынысты қарады. Компьютерлік жабдық өнім берушілерін таңдау осы жұмыс тобының ұсыныстарына сәйкес жүзеге асырылды
Ағымдағы жылдың 26 тамызында бір көзден алу тәсілімен "Компьютерный центр РОМ" ЖШС-мен 314813,4 мың теңге сомасына дербес компьютерлерді (1657 дана) жеткізу бойынша, "Завод им. С.М. Кирова" 1696660,0 мың теңге сомасына ноутбук (12119 дана) және 107350,0 мың теңге сомасына планшет (2147 дана) сатып алуға келісім жасалды (компьютердің соммасы - 189 990 теңге, планшеттің - 50 000 теңге, ноутбуктың - 140 000).
Бүгінгі таңда 1657 бірлік дербес компьютер жеткізілді. Жеткізудің жоспарланған мерзімі 2020 жылғы 10 қазанға дейін.
Ақпарат: Монитрингтың қорытындысы бойынша 12 мың оқушыда үйде компьютерлік техника болмаған. Барлық сатып алынатын компьютерлік техника білім беру ұйымдарының балансына беріледі және мұқтаж отбасыларға тек уақытша пайдалануға беріледі.
Павлодар облысының білім беру басқармасы