Ақсу қаласына жаңа әкім тағайындалды

Ақсу қаласына жаңа әкім тағайындалды

– Ақсу – өнеркәсіптік потенциалы жоғары сұранысқа ие және аймағымызда стратегиялық маңызы зор болып табылатын Павлодар облысы донорының бірі, – деді облыс әкімі. – Сіз жаңа қызметіңізде Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың алдымызға қойған міндеттердің шешімін таба білу керек. Индустриялық-инновациялық даму жобаларын жүзеге асыру, соның ішінде Индустрияландыру картасы бойынша жобаларды көбейту, Ақсу ферроқорытпа зауыты мен Еуразиялық энергетикалық корпорациясының байланысын арттыруды қолға алу қажет. Бұдан басқа, Ақсуда агроөнеркәсіп  кешенін дамыту мүмкіндігі өте зор. Сондай-ақ ағымдағы жылы басталған қалалық қазандықтың құрылысын бақылауда ұстайсыз. Нысанды уақытында тапсыру жаңа қызметіңіздегі жұмыс нәтижесінің бірі болуы қажет.

Ақсудың бұрынғы әкімі Нұрлан Дүйсенбинов қаржы басқармасының басшысы болып тағайындалды. Болат Бақауов оған атқарған жұмыстары үшін алғысын білдіріп, Құрмет грамотасын табыстады.

– Қазір елімізде коммуналдық меншікті жекешелендіру жүріп жатыр, мемлекеттік-жеке меншік серіктестік дамуда, қаржының төртінші деңгейі енгізілуде, сондықтан аймағымызға тәжірибелі қаржы маманы керек. Сіз Ақсу қаласын кәсіби деңгейде басқардыңыз, бұл қызметте де алға қойған міндеттерді жоғары деңгейде орындайды деген сенімдемін, – деді облыс әкімі.