
Павлодар және Ақтоғай ауданының тұрғындары Әбілқайыр Сқақовпен бейнеконференцбайланыс арқылы сөйлесті. Бұған дейін олар қабылдауға +7 (7182) 66-39-96, 65-10-50 нөмірлері және WhatsApp +7 702 1 661 661 нөмірі бойынша жазылған болатын.
Көтерілген мәселелер денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, ШОБ-ты қолдау және тұрғын үй салаларына қатысты болды. Мысалы, Павлодар қаласының тұрғыны өңір басшысына қызының медициналық тексерілуіне қатысты шағымдарымен жүгінді. Ерекше қажеттіліктері бар қызға одан әрі оңалтудан өту үшін мамандардың тексеруі қажет. Әбілқайыр Сқақов тексеру мерзімін созбауды және облыстың бас штаттан тыс педиатры мен невропатологын тартуды тапсырды. Әр әңгімелесу барысында оған бейінді ведомстволардың басшылары қосылып, облыс әкімі оларға бірден азаматтардың өтініштері бойынша тапсырмалар беріп отырды. Орындалу сапасы мен мерзімі өңір басшысының жеке бақылауында.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суретті түсірген Валерий Бугаев