
Кездесуге қатысушылар карантин және шектеу шаралары салдарынан қиындықтарға тап болған шағын және орта бизнес проблемаларын және оларды шешудің ықтимал жолдарын талқылады.
Отырысты ашқан өңір басшысы ШОБ-ты қолдау мәселелері оның жеке бақылауында екенін және облыс әкімдігінде бизнеспен диалогқа әрдайым ашық екенін атап өтті. Ең алдымен ұзақ уақыт бойы толығымен жабылған, бірақ коммуналдық қызметтерді ешқандай жеңілдіксіз төлеуге мәжбүр болған фитнес залдарының және басқа да ұйым иелерінің мәселесі көтерілді. Мәселені, оған бүкіл ел бойынша кәсіпкерлер тап болғандықтан, республикалық деңгейде көтеру ұсынылды. Тағы бір мәселе - капиталды толықтыруға арналған кепілсіз несиелердің болмауы. Мүмкін болатын шешімдердің бірі - мемлекеттің 49 пайыз қатысуымен микрокредиттік ұйым (МКҰ) құру. Әлеуметтік маңызы бар бизнес-жобалар белгілі бір қолдауға ие бола алар еді. Қазір мұндай МКҰ жұмысының механизмдері қарастырылуда.
Салалық қауымдастықтардың өкілдері де өз мәселелерін ортаға салды. Павлодар облысының жиһазшылар бірлестігінен Рафаиль Бразинский сөз сөйледі, ол ірі кәсіпорындардан тапсырыстардың болмауы мәселесін көтерді.
- Әкімдік жанында ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды сатып алудағы қазақстандық қамтуды бақылау жөніндегі комиссия жұмыс істейді, - деді ол. - Алайда оның өңірлік кәсіпкерлер палатасы сияқты бұл мәселеде құқықтық өкілеттігі жоқ. Бұл комиссияны заңды тұрғыдан күшейту мүмкіндігін қарастыру қажет.
Облыс әкімі бұл мәселені жүйе құрушы кәсіпорындар өкілдерімен талқылағанын, олар өнім сапасы жоғары болған жағдайда жергілікті өндірушілермен жұмыс істеуге дайын екенін атап өтті.
– Жергілікті атқарушы органдардың міндеті - сатып алушылар мен өнім берушілер арасындағы жеткізу тізбегінде аракісі ретінде әрекет ету, олардың арасында көлденең байланыс орнату, - деп атап өтті Әбілқайыр Сқақов.
Павлодар көлік қызметкерлері одағының басшысы Василий Рудаков қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруді субсидиялау мәселесін көтерді. Оның айтуынша, тасымалдаушылардың үлесіне жеңілдіктермен байланысты шығындардың көп бөлігі түсіп отыр. Сонымен қатар Василий Рудаков көлік қызметкерлері электронды билеттеуді енгізу жоспарымен келісетінін атап өтті.
- Жеңілдікпен жүрудің бір бөлігін мемлекет субсидиялайды, ал екінші бөлігін субсидияламайды деген онша дұрыс емес. Барлығы әділ болуы тиіс, - деді Әбілқайыр Сқақов. - Бірақ қажетті соманы қалай есептеу керек деген сұраққа әзірше ешкім жауап бере алмайды. Бұл жағдайда электронды билеттеу - бізге көмектесетін құрал. Жеңілдікпен жол жүру бөлігіндегі билеттеу жүйесінің көрсеткіштері міндетті түрде бюджеттен төленетін болады.
Мұндай кездесулерді тоқсанына кемінде бір рет өткізу туралы шешім қабылданды. Бизнес пен биліктің тікелей диалогы туындаған мәселелерді неғұрлым жедел шешуге ықпал етуі керек.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суретті түсірген Валерий Бугаев