Меню

Страницы

Статья

«Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

«Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы»

мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасыныңәкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің              40-бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі                        басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының                    2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабы                      3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің                  қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 590 қаулысына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
  2. Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі «Павлодар облысының туризмді және спортты дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 100/2 қаулысының күші жойылсын.
  3. «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:

осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.О. Өтешовке жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Облыс әкімі                                                                     Ә.Б. Сқақов

Павлодар облысы әкімдігінің

2022 жылғы «10» ақпандағы

№ 36/1 қаулысымен

бекітілді

 

«Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы

ереже

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – ММ) Павлодар облысының аумағында дене шынықтыру және спортты дамыту саласында қызметтерді жүзеге асыруға әкімдікпен уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ ведомстволары жоқ.
  3. «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  5. «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  7. «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамамен белгiленген тәртiпте «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ бірінші басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
  8. «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ құрылымы мен штат санының лимитi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекiтiледi.
  9. «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140003, Павлодар қаласы, МәшҺүр Жүсіп көшесі, 170-құрылыс.
  10. ММ толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: государственное учреждение «Управление физической культуры и спорта Павлодарской области».

  1. Осы Ереже «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ құрылтай құжаты болып табылады.
  2. «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ қызметiн қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
  3. «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-ге кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

 

  1. «Павлодар облысының дене шынықтыру және

спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

мақсаттары, қызметінің мәні, міндеттері мен өкілеттіктері

 

  1. Мақсаттары: әлеуметтік және білім беру функцияларын, сондай-ақ ерікті қызмет қағидатына негізделген олардың құрылымының ерекшелігін ескере отырып, спорттың барлық түрлерін дамытуға жәрдемдесу болып табылады.
  2. Қызметінің мәні – Павлодар облысында дене шынықтыру мен спортты дамыту саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру.
  3. Міндеттері:

1)   дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау;

2)   олимпиадалық емес, олимпиадалық, паралимпиадалық, паралимпиадалық емес, сурдлимпиадалық және ұлттық спорт түрлерін дамыту;

3)   дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;

4)   дене шынықтыру және спорт саласын зерттеу үшін ғылыми базаны дамыту;

5)   әлеуметтік және білім беру функцияларын, сондай-ақ ерікті қызмет қағидатына негізделген олардың құрылымының ерекшелігін ескере отырып, спорттың барлық түрлерін дамытуға жәрдемдесу болып табылады.

  1. Өкілеттіктері:

Құқықтары:

1)   барлық сот инстанцияларында, мемлекеттік органдарда, мекемелерде, кәсіпорындар мен өзге де ұйымдарда осы Ережеде белгіленген құзыреті шегінде әкімнің, әкімдіктің мүдделерін білдіру;

2)   облыс әкімі мен әкімдігінің қарауына «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу;

3)   белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, ұйымдар мен азаматтардың келісімі бойынша «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ алдына қойылған міндеттерді орындаумен байланысты мәселелер бойынша ақпаратты сұрау және алу;

4)   жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын басшыларының келісімі бойынша жұмысқа тарту;

5)   «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ мүдделерін мемлекеттік органдарда, сотта білдіру;

Міндеттері:

1)   облыс тұрғындары арасында дене шынықтыру және спортты дамыту мәселелері бойынша ақпараттық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;

2)   өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасау;

3)   «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

  1. Функциялары:

1)   жеке тұлғалардың спортпен айналысуы үшін, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімді болуы ескеріле отырып, тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда инфрақұрылым жасау;

2)   бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

3)   республикалық және (немесе) жергілікті аккредиттелген спорт федерацияларымен бірлесе отырып, облыстық спорттық жарыстарды, сондай-ақ ардагер спортшылар арасында өткiзу;

4)   дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган аккредиттелген республикалық спорт федерацияларымен бірлесе отырып өткізетін республикалық және халықаралық спорттық жарыстарды, оның ішінде ардагер спортшылар арасында өткізуге қатысу;

5)   спорттың алуан түрлері бойынша облыстық құрама командалары мүшелерінің дайындығы мен олардың республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;

6)   облыс аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз ету;

7)   облыс аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiру;

8)   білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарын сабақтан тыс және кешкі уақытта халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шаралар өткізу мақсатында пайдалану жөнінде шаралар қабылдау;

9)   спортшыларға: «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат», 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын беру, спортшыларды осындай спорттық разрядтардан айыру;

10) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру, біліктілік санаттарынан айыру;

11) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін бекiту және оның iске асырылуын қамтамасыз ету;

12) облыс аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiру;

13) Павлодар облысының аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органға ұсыну;

14) жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеуді жүзеге асыру;

15) олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері мен спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттары үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын іске асыру;

16) олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері мен спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттарының үлгілік оқу жоспарларын келісу;

17) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлерінен облыстық құрама командаларының тізімдерін қалыптастыру және бекіту;

18) Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету;

19) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлеуді жүзеге асыру;

20) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

21) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

22) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіру;

23) спорт мектептеріне, спорт мектебінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру;

24) «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы»  ММ қызметінің жоспарларын әзірлеу;

25) облыс әкімдігі мен әкімінің актілерімен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен қарастырылатын жағдайларда, мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектілері өкілеттіктерін, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқықтарын жүзеге асыру, оның ішінде тиісті саладағы уәкілетті органдардың құзыреттеріне ұқсас оларға қатысты шешімдер қабылдау;

26) «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ қызметкерлерiнiң мемлекеттiк қызметтi өткеруіне байланысты мәселелердi іске асыру;

27) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

28) халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалау үшін техникалық ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы республикалық аккредиттелген спорт федерацияларымен келісу;

29) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның келісуімен спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін әзірлеу;

30) дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің жұмысын ұйымдастыру;

31) бюджет қаражаты көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын қаржыландыруға мемлекеттік спорттық тапсырысты бекіту;

32) мемлекеттік спорттық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, олардың ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз ету;

33) электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;

34) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

  1. «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының

мәртебесі, өкілеттіктері

 

  1. «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады, ол «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауап береді.
  2. «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ бірінші басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Павлодар облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
  4. «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ бірінші басшысының өкілеттіктері:

1)   «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылық етеді;

2)   өз орынбасарларының міндеттерін, өкілеттіктерін, сондай-ақ «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің функциялары мен өкілеттіктерін белгілейді;

3)   «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ қызметкерлерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

4)   Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ қызметкерлерін көтермелеуді, оларға материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

5)   өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

6)   «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, оның қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

7)   «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ мүддесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда білдіреді;

8)   ведомстволық бағыныстағы ұйымдар басшыларының қатысуымен кеңестер өткізеді;

9)   «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ құрылымдарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;

10) «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ перспективті және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және ол үшін дербес жауап береді.

«Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ бірінші басшысы болмаған кезде оның өкiлеттiктерiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
  2. «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ бірінші басшысының бұйрығымен «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ қызметінің негізгі мәселелерін қарау үшін алқа құрылады. «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ алқасының сандық және дербес құрамын «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ бірінші басшысы бекітеді.
  3. «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
  4. «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ мен тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
  5. «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ әкімшілігі мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына, Еңбек заңнамасына және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.
  6. «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі

 

  1. «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

«Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ мүлкі оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ бекiтiлген мүлiк облыстық коммуналдық меншiкке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

 

  1. «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

«Павлодар облысының дене шынықтыру және

спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

 

  1. Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар:

 

1)   Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

2)   Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жоғары спорттық шеберлік мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

3)   Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жүзу бойынша олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

4)   Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «№ 2 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

5)   Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Футбол бойынша «Ертіс» олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

6)   Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Батыр» балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

7)   Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Екібастұз қаласының № 1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

8)   Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Екібастұз қаласының № 3 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

9)   Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жасыбай» балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

10) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Ақсу қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

11) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Ақсу қаласының № 2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

12) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Павлодар ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

13) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Тереңкөл ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

 

  1. Мемлекеттік мекемелер:

 

1) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Олимпиадалық резервті даярлау орталығы» мемлекеттік мекемесі;

2) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Қайырбаев атындағы спорттың ұлттық түрлері бойынша спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

3)   Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

4)   Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

5)   Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «№ 1 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

6)   Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Павлодар қаласының №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

7)   Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Бірлік» жауынгерлік өнерді дамыту дирекциясы «Спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

8)   Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Аққулы ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

9)   Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Ақтоғай ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

10) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Баянауыл ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

11) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Майқайың кентінің балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

12) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Железин ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

13) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Ертіс ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

14) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Май ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

15) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Успен ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

16) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шарбақты ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

 

Дата публикации
04 апреля 2022
Дата обновления
04 апреля 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
17 октября 2026
Электронды БАҚ
Ақпарат
17 октября 2026
Бaспа БАҚ
Ақпарат
17 октября 2026
Интернет БАҚ

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы