Облыстың тұрғын үй қорының жалпы ауданы 16,2 млн. шаршы метрді құрайды, оның ішінде 11,57 млн. шаршы метр қалалық болса, 4,67 млн. шаршы метр ауылдық елді мекендерге тиесілі.
Қазіргі уақытта облыста 2480 көп қабатты тұрғын үй (2314 – облыс қалаларында, 166 – облыс аудандарында) бар. Бүгінде кондоминиум басқармасының 443 органы жұмыс істейді, оның ішінде 256 – ЖШС, ЖК, ПИК және 207 – барлық пәтер иелерін бірлесіп басқару.
ТҮКШ жаңғырту және Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламалары шеңберінде 188 тұрғын үй жөнделді, оның ішінде: республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен 156 КТҮ және қайтарымды қаражат есебінен 32 КТҮ.
Бұдан басқа, 2019 жылы қалалардағы тұрғын үйлердің күрделі жөндеуі Павлодар қ. 12 тұрғын үйінің және Екібастұз қ. 1 үйінің пәтер иелерінің қайтарымды қараждаты есебінен жүргізілді.
2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша күрделі жөндеуді талап ететін көп қабатты тұрғын үйлер саны үйлердің жалпы санынан 24,5%-ды құрайды (600-ден астам КТҮ).
Қазіргі уақытта Павлодар, Екібастұз қалаларының әкімдіктері 2020-2021 жылдарға жалпы сомасы 502,8 млн. теңгеге 20 тұрғын үйді жаңғыртуға сараптама қорытындысымен жобалау-сметалық құжаттама бар, оның ішінде Павлодар қаласында - 212,3 млн. теңге сомасына 12 КТҮ, Екібастұз қаласында - 290,5 млн. теңге сомасына 8 КТҮ.
Бүгінгі күні пәтер иелерінің қайтарымды қаражат сомасы 1 150,55 млн. теңге жоспарда 811,38 млн. теңгені немесе кезең жоспарынан 70,5%-ды құрайды.