Облыстағы жылу желілерінің ұзындығы 932,9 км-ді құрайды, оның ішінде магистральді – 155 км; кварталдық — 754,9 км; ыстық сумен қамту желісі – 23 км. Бүгінгі күні жөндеуді талап ететін жылумен жабдықтау желілерінің үлесі 61,6%-ды құрайды.
Тозған желілердің ұзындығын төмендету мақсатында жыл сайын облыста Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жобалар іске асырылады, одан басқа пайдаланушы ұйымдар инвестициялық бағдарлама шеңберінде желілерде жөндеулер жүргізеді.
2019 жылы «Нұрлы жол» және «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде 4,8 км жылумен жабдықтау желілерін және 4 орталық жылу пунктін салу және қайта жаңарту жүргізілді.
Амортизациялық аударымдар мен меншікті қаражат есебінен коммуналдық кәсіпорындар 2019 жылы 24,1 км жылумен жабдықтау желісін күрделі жөндеу мен қайта жаңартуды орындады.
2020 жылы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде және жергілікті бюджет қаражаты есебінен 6 жобаны іске асыру жоспарланған. Жобалар шеңберінде 19,4 км жылумен жабдықтау желілерін салуды, күрделі жөндеуді және қайта жаңартуды орындау жоспарланған.
Амортизациялық аударымдар мен меншікті қаражат есебінен коммуналдық кәсіпорындар ағымдағы жылы 2,5 км жылумен жабдықтау желілерін күрделі жөндеу мен қайта жаңарту орындауды жоспарлауда.