Меню

Страницы

Статья

Сумен жабдықтау

Облыс қалаларындағы сумен жабдықтау желілерінің ұзындығы 1263,1 км, ал су бұру желілері 892,9 км құрайды

Жөндеуді талап ететін желілердің ұзындығы бүгінгі күні сумен жабдықтау 65,5%, су бұру 54,4%-ды құрайды.

Желілердің және құрылыстардың жағдайын жақсарту мақсатында 2019 жылы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы шеңберінде 15 жоба іске асырылды.

Жоба шеңберінде барлығы 33,5 км су бұру, 34,9 км сумен жабдықтау және 19 көтергіш сорғы станциясын салу және қайта жаңарту орындалды.

Амортизациялық аударымдар мен меншікті қаражат есебінен коммуналдық кәсіпорындар 2019 жылы 13,7 км сумен жабдықтау және 4 км су бұру желілерін күрделі жөндеу мен қайта жаңартуды орындады.

2020 жылы «Өңірлерді 2020 жылға дейінгі дамыту» бағдарламасы шеңберінде сумен жабдықтау және су бұру объектілерінде 17 жобаны іске асыру жоспарланған. Жобалар шеңберінде 22,5 км су бұру және 27,3 км сумен жабдықтау желілерін салу және қайта жаңарту орындалады.

 Амортизациялық аударымдар мен меншікті қаражат есебінен коммуналдық кәсіпорындар ағымдағы жылы 22,2 км сумен жабдықтау және 9 км су бұру желілерін күрделі жөндеу мен қайта жаңартуды жоспарлануда.

Дата публикации
18 марта 2020
Дата обновления
18 марта 2020
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
17 октября 2026
Электронды БАҚ
Ақпарат
17 октября 2026
Бaспа БАҚ
Ақпарат
17 октября 2026
Интернет БАҚ

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы