Облыстың қалалары мен аудандарында электр энергиясын тасымалдау мынадай электр желілері арқылы жүзеге асырылады:
– «Павлодар электр желістік тарату компаниясы» АҚ (бұдан әрі – ПЭТК) – Павлодар, Ақсу қалалары мен облыс аудандары;
– “Горэлектросеть” ЖШС – Екібастұз қаласы.
Электр желілерінің жалпы ұзындығы 17,5 мың км, оның ішінде: ӘЖ-220-110 кВ – 2,7 мың км, ӘЖ-35-10-0,4кВ – 13,6 мың км, кабельдік желі – 10-6-0,4 кВ – 1,2 мың км.
Қосалқы станциялар саны 4349 дана, оның ішінде 220-110 кВ қосалқы станция – 78 дана, 35-10-0,4 кВ – 128 дана, ТҚС, ЖТҚС-6-10/0,4 кВ – 4 143 дана.
Орта пайдалану мерзімі 30-35 жылды құрайтындықтан, электр желілерінің орташа нақты тозуы 58,5%-ды құрайды.