ЭКОНОМИКАЛЫҚ СЕКТОР
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2019 жылдың қаңтар-желтоқсанына қарағанда 97,9% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 60%-ын аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.
2020 жылғы қаңтар-қыркүйектегі өндірілген жалпы өңірлік өнімнің көлемі 1891,6 млрд. теңгені және
2019 жылғы сәйкес кезіңімен салыстырғанда 97,4%-ды құрады.
2020 жылғы қаңтар-желтоқсандағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 486 млрд. теңгені, немесе 2019 жылмен салыстырғанда 98,2%-ды құрады. Инвестициялардың негізгі көзі меншікті қаражат болып табылады 368 млрд. теңге, немесе жалпы инвестиция көлемінің 75,7%-ын құрады.
2020 жылғы қаңтар-желтоқсандағы құрылыс жұмыстарының көлемі 218 млрд. теңгені құрады, нақты көлемінің индексі – 104,9%.
Тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы 372,5 мың шаршы метр пайдалануға берілді, немесе 2019 жылмен салыстырғанда 112,1%-ды құрады.
2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2073,1 млрд. теңгені құрады, өнеркәсіп өндірісінің индексі – 101,1%.
Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда нақты көлемінің индексі – 106%, өңдеу өнеркәсібінде
– 100%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда – 102,2%, сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметінде – 98,4% құрады.
Өнеркәсіп өндірісінің қызмет түрлерінің бөліктері мынаған сай келеді, 62,6% – өңдеу өнеркәсібіне, 23,4% – тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуға, 13,3% – электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауға, 0,7% – сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметіне.
2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы өнім көлемі
301,4 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі 107,5%, соның ішінде мал шаруашылығы бойынша тиісінше
148,6 млрд. теңге және 102,6%, өсімдік шаруашылығы бойынша тиісінше 152 млрд. теңге және 113,5%.
2020 жылғы қаңтар-желтоқсандағы жүк айналымының көлемі 28,3 млрд. ткм, немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңіне 80% -ды құрады.
2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда «Байланыс» саласы бойынша нақты көлемінің индексі 98,1%-ды құрады.
2020 жылғы қаңтар-желтоқсандағы бөлшек сауда көлемі 425,4 млрд. теңгені құрады, нақты көлемінің индексі – 97,7%.
Көтерме сауда тауар айналымының көлемі 535,3 млрд. теңгені құрады, нақты көлемінің индексі – 96,7%.
2020 жылғы қаңтар-қарашадағы Павлодар облысының ЕАЭО мүше-мемлекеттермен өзара саудасы
1229,6 млн. АҚШ долларын құрады. Өзара сауда құрылымында экспорт басым болды және 57,1%-ды құрады (облыстан 702,4 млн. АҚШ долларына тең тауар шығарылды), импорттың үлесі 42,9%-ды құрады (облысқа әкелінген тауарлардың көлемі 527,3 млн. АҚШ долларына тең).
2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 16582 бірлікті құрады, оның ішінде 16236 бірлік жұмыскерлерінің саны 100 адамнан кем. Жұмыс істейтін заңды тұлғалардың саны
13180 бірлікті құрады, оның ішіндегі шағын кәсіпорындар (100 адамнан кем) 12834 бірлікті құрады.
2020 жылғы желтоқсандағы тұтыну бағасының индексі 2019 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 107,9%-ды,
азық-түлік тауарларының бағасы – 112,3%-ды, азық-түлік емес тауарлары – 105%-ды, ақылы қызметтер – 104,7%-ды құрады.
2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыстың бизнес құрылымындағы шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 45809 бірлікті немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,7% құрады, соның ішінен 10740 бірлік – шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары, 113 бірлік – орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары, 31549 бірлік – жеке кәсіпкерлер, 3407 бірлікті шаруа немесе фермерлік қожалықтары құрады.
2020 жылғы қаңтар-қыркүйектегі ШОК субъектілерімен өнім (тауарлар мен қызметтер) шығару
601,4 млрд. теңгені немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 92,8% құрады.
2020 жылдың 1 қазанына ШОК жұмыспен қамтылғандар саны 131,8 мың адам немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 96,7% құрады.
ӘЛЕУМЕТТІК СЕКТОР
2020 жылғы 1 желтоқсанға Павлодар облысы халқының саны 751034 адамды құрады. Қала халқы –
530333 адам (70,6 %), ал ауыл халқы – 220701 адам (29,4%) саналады.
2020 жылғы III тоқсандағы (алдын ала деректер бойынша) халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 116511 теңгені құрады, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 8,8%-ға артық көрсеткіш. Көрсетілген кезеңдегі нақты ақшалай табыстары 1,7%-ға артты.
2020 жылғы III тоқсандағы қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 183,7 мың теңгені, немесе 2019 жылдың сәйкес тоқсанына 114%-ды құрады. Нақты жалақы индексі 106,5% құрады. Жалдамалы қызметкерлер саны 196 мың адам құрады.
2020 жылғы III тоқсанда жұмыс күшінің саны 404,3 мың адамды немесе 15 жас және одан жоғары жастағы халық санының 70%-ын құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,9%-ды құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2020 жылғы желтоқсанның соңына 5,8 мың адамды немесе жұмыс күшіне 1,4%-ды құрады.