Меню

Страницы

Статья

Өңірдің партисипаторлық жер пайдалану туралы ақпарат

Павлодар облысы жер қатынастары басқармасының (бұдан әрі – ЖҚБ) және әкімдіктің сайтында тоқсан сайынғы негізде жер қатынастары саласында атқарылған жұмыс туралы есептер орналастырылады.

ЖҚБ сайтында орналастырылады:

  • жер қатынастары саласындағы заңнамалық және заңға тәуелді актілер, НҚА жобалары;
  • мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат (ережелер, стандарттар, ай сайынғы есептер);
  • жер сауда-саттығы (өткізілген және жоспарланған сауда-саттықтар (конкурстар мен аукциондар) туралы ай сайынғы ақпарат);
  • жер сауда-саттығы (өткізілген және жоспарланған сауда-саттықтар (конкурстар мен аукциондар) туралы ай сайынғы ақпарат;
  • бос жер учаскелері туралы тоқсан сайынғы ақпарат;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспар, медиажоспар.

Тоқсан сайынғы негізде ЖҚБ сайтында жер учаскесінің нысаналы мақсатын, ауданын, орналасқан жерін, құқық түрін, жалдау мерзімін көрсете отырып, жер учаскесін алған тұлғалардың тізімдері бар ақпарат орналастырылады («Қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» – «Жер учаскелеріне жер пайдалану құқығын беру туралы» кіші бөлімі).

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысы орынбасарының 2021 жылғы 22 ақпандағы № 21-25-1 тапсырмасын орындау мақсатында бос жер учаскелерінің бар-жоғы туралы ақпарат олардың орналасқан жерін, алаңын, нысаналы мақсатын көрсете отырып, тоқсан сайын ақпаратты жаңарта отырып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ұсынған кесте нысанында орналастырылады  

(https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/documents/details/159444?lang=ru,  https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-uzo/documents/details/147724?lang=ru).

Жаңалықтар лентасы «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» ҚРЗ сәйкес өзекті салалық ақпаратпен жаңартылады.

Басшының блогындағы «Онлайн қабылдау» бөліміндегі сұрақтарға жауаптар уақтылы беріледі.

Ескерту: ҚР Жер кодексіне (бұдан әрі-Кодекс) сәйкес жер учаскелері жеке және заңды тұлғаларға жер сауда-саттығы (конкурстар мен аукциондар) негізінде беріледі. Жерді сауда-саттықтан тыс берудің ерекше жағдайлары Кодекстің 48-бабының 1-тармағында белгіленген.

Кодекстің 43-бабының 2-тармағына сәйкес жер учаскелері облыс, аудандар мен қалалар әкімдіктерінің жанынан құрылатын жер комиссиясының оң қорытындысы негізінде беріледі. Жер комиссиясының құрамын әкімдіктер қалыптастырады және тиісті мәслихаттар бекітеді. Жер комиссиясының құрамына келесілер кіреді:

 

1) әкімнің жер мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары; 2) жергілікті өкілді органның депутаттары; 3) жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, ауыл шаруашылығы жөніндегі уәкілетті органдардың өкілдері; 4) қоғамдық кеңестердің, АӨК саласындағы мемлекеттік емес ұйымдардың және өзге де салалық мемлекеттік емес ұйымдардың, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері; 5) «Атамекен» ҰКП өкілдері; 6) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдық округтердің әкімдері; 7) жергілікті қоғамдастық жиналысы жіберген, тиісті аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің жергілікті халқының өкілдері басым құқықты пайдаланады. 8) қоршаған ортаны қорғау, ауыл және орман шаруашылығы, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органдардың тиісті аумақтық бөлімшелерінің өкілдері кіреді.

Жер комиссиясы тұрақты негізде жұмыс істейді. Жер комиссиясы мүшелерінің саны тақ. Бұл ретте қоғамдық кеңестер, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар және өзге де салалық мемлекеттік емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің саны жер комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кемінде 50% - ын құрайды.

Дата публикации
15 июня 2021
Дата обновления
15 июня 2021
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
17 октября 2026
Электронды БАҚ
Ақпарат
17 октября 2026
Бaспа БАҚ
Ақпарат
17 октября 2026
Интернет БАҚ

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы